ХАБАРЛАНДЫРУ!

209 көрілім

Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезекті отыз жетінші сессиясы 2025 жылғы 23 желтоқсан күні сағат 11:00-де Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын.

Мекен-жайы : Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 ғимарат, Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залы. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 23 желтоқсан күні сағат 10:30-дан бастап жүргізіледі.

Сессияның қарауына мына мәселе ұсынылады.

  1. 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы;
  2. Түркістан қаласы әкімдігінің «жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
  3. Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына Түркістан  қаласындағы атауы жоқ көшеге атау беру жөніндегі ұсыныс енгізу туралы;
  4. Түркістан қалалық мәслихаты төрағасының және тұрақты комиссия төрағаларының 2025 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі;
  5. Түркістан қалалық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;
  6. Түркістан қалалық мәслихатының және оның аппаратының 2026 жылға арналған шығындар сметасын бекіту туралы.

Келіп түсуіне байланысты басқа мәселелер қаралуы мүмкін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы