«Адалдық жолы – жарқын болашақ: Түркістандағы жастар слеті»

200 көрілім

«Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың желтоқсан айының 10-ші жұлдызында, Түркістан қалалық мәдениет үйінде, 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Кентау қаласында жастар арасында «Адал және саналы ұрпақ» атты слет болып өтті.

Іс-шара Түркістан қалалық әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және Түркістан облысының Азаматтық Альянсы ЗТҚ нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.


Слетке зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен белсенді жастар және әр салада қызмет етіп жүрген азаматтар қатысып, жиынның мәні мен маңызын арттыра түсті.


Жоба аясында мемлекеттік қызметкерлер арасында кіші футбол жарысы, жастар арасында жүгіруден марафон, сондай-ақ бейнероликтер байқауы ұйымдастырылып, жетістікке жеткен жастар марапатталды. Бұл шаралар қоғамда адалдық идеологиясын нығайтуға және жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға өз үлесін қосты.


Шара барысында негізгі спикерлер сөз алып мазмұнды презентациялар ұсынып, өмірден алынған тағылымды мысалдар арқылы адалдықтың адам болмысы үшін аса қымбат құндылық екенін әсерлі жеткізді.

Олардың әрбір ойы, әрбір баяндауы жас буынның санасына сәуле құйып, парасат пен пайымға жетеледі.

Слет соңында қоғам белсенділері өз жүрекжарды пікірлерімен бөлісіп, ұлт болашағы – адал да саналы ұрпақ тәрбиелеудің маңызын тағы бір мәрте айқындады.
Шара рухани серпіліс сыйлап, қатысушыларды ізгілікке, әділдікке және отаншылдыққа үндеген әсерлі басқосу ретінде есте қалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы