Зорлық-зомбылық – жеке адамның құқығын бұзатын, психологиялық және физикалық денсаулыққа қауіп төндіретін, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке зиян келтіретін күрделі әлеуметтік мәселе. Соңғы жылдары кәмелетке толмағандар арасындағы, отбасылық және интернет кеңістігіндегі зорлық түрлері жиілеп, алдын алу шараларын күшейтуді қажет етіп отыр.Зорлықтың алдын алу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, білім беру ұйымдары, медицина қызметкерлері, ата-аналар және қоғамның ортақ міндеті.
Зорлық-зомбылықтың негізгі түрлері
- Физикалық зорлық – денеге зақым келтіру, ұру, итеру, қорқыту.
2. Психологиялық зорлық – кемсіту, қорқыту, тіл тигізу, манипуляция.
3. Жыныстық сипаттағы зорлық – еркінен тыс әрекеттер, қысым көрсету.
4. Экономикалық зорлық – қаржыға шектеу қою, материалдық тәуелділікке итермелеу.
5. Кибербуллинг – әлеуметтік желілерде қорлау, бопсалау, әшкерелеу. Алдын алу бағытындағы негізгі жұмыст түрлері
Білім беру және ақпараттандыру: Мектептерде, емханаларда, колледждерде «Зорлық-зомбылықсыз орта» бағдарламасын енгізу; Ата-аналарға дәрістер: агрессия белгілері, баланың қауіпсіздігі, интернеттегі тәуекелдер; Жасөспірімдерге арналған тренингтер: өзін-өзі қорғау, эмоцияны басқару, шектеу қою дағдылары;
Психологиялық қолдау: Тәуекел тобына жататын балаларды, әйелдерді, қарттарды жеке бақылауға алу; Психологтардың тұрақты консультациясы; Анонимді көмек желілерін (call-центр) насихаттау. Құқықтық мәдениетті арттыру ҚР заңдары бойынша зорлық-зомбылыққа жауапкершілік туралы түсіндіру; Әр адам өз құқығын, ал ата-ана баласының құқығын білуі қажет.
Қауіпсіз орта қалыптастыру: Мектеп пен үйде бала үшін қауіпсіз қарым-қатынас атмосферасын қалыптастыру; Агрессияны көтермейтін, құрметке негізделген ережелерді бекіту Мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне зорлықты ерте анықтау дағдыларын үйрету.
Жасөспірімдер арасында алдын алу: Жасөспірімдер — зорлықтың да, буллингтің де негізгі тәуекел тобында. Сондықтан: мектепте әлеуметтік-психологиялық климатты бақылау; буллингке қарсы мектеп саясатын құру; сенім жәшіктерін, психолог кабинетін қолжетімді ету; спорт, өнер, клубтарға қатысу арқылы баланың өзін-өзі бағалауын арттыру.
Зорлық-зомбылықтың алдын алу – ұзақ мерзімді, жүйелі жұмыс. Ол үшін әрбір институт – мектеп, емхана, құқық қорғау саласы, ата-ана және қоғам – бірлесіп әрекет етуі қажет.Қауіпсіз орта құру – әр адамның құқығын құрметтеуден басталады.
Емхана психологы : Сейданова З.А
