НЫСАНДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУҒА ДЕМЕУШІЛЕР ДЕМ БЕРУДЕ

183 көрілім


Аймақтардағы көп дүниелерді іске асыру үшін мемлекет қазынасына иек артпай, демеушілердің, ауыл азаматтарының қолдауымен де іске асырып, ел игілігіне пайдалануға болатынын мемлекет басшысы айтып жүр. Бұл міндеттерді іске асыру барысында жергілікті атқарушы билік ептілік танытып, істің көзін таба білуі нәтижелі көрсеткіштерге жетелейді. Міне, осындай игілікті қадамдар Түркістан облысындағы Созақ ауданында көрініс тауып жатыр десек болады.
Атап айтсақ, бүгін Созақ ауданына «KATKO» БК ЖШС және «Orano Mining» компаниясы басшылығының жұмыс сапары өтіп, 2024-2025 жылдары іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың барысы таныстырылды. Іс-шараға «Orano Mining» аға вице-президенті Ксавье Сен-Мартен Тийе, «KATKO» Бас директоры Закария Эль Марзуки, аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов және «KATKO» коммуникациялар және КӘЖ басқармасының басшысы Айнаш Шеңгелбаева қатысты.


Сапар барысында делегация Шолаққорған ауылындағы Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектепке барды. Биыл «KATKO» компаниясының қаржыландыруымен оқу корпусының сыртқы келбеті заманауи металпанельмен қапталып, ғимараттың жылу оқшаулау деңгейі айтарлықтай күшейтілді. Құны 46 млн теңгеден асқан жобаның нәтижесінде мектептің ішкі температуралық режимі тұрақталып, жылыту жүйесіне түсетін салмақ азайды. Аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов бұл бастама теріскей өңірдегі ауыл мектептері үшін аса маңызды қолдау екенін атап өтіп, алғысын жеткізді.
Бұдан кейін делегация Жеткіншек мөлтек ауданында апатты деп танылған тұрғын үйдің орнына «Жаңғырту» бағдарламасы аясында салынып жатқан 2 қабатты, 16 пәтерлі үйдің құрылысымен танысты. Жоба «KATKO» және «Қазатомпром-Сауран» компанияларының бірлескен қаржыландыруымен жүзеге асуда. Оған «KATKO» – 200 млн теңге, серіктес компания – 186 млн теңге қаржы қараған. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Нысан жақын уақытта тұрғындар игілігіне беріледі.
Өндіріс орындары тарапынан жүзеге асып жатқан әлеуметтік инвестициялар аудан инфрақұрылымын жаңартуға және әлеуметтік нысандардың жай-күйін көтеруге елеулі үлес қосуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы