МӘДЕНИЕТ – РУХАНИЯТТЫҢ ӨЗЕГІ

77 көрілім


Мәдениет – ұлттың рухани тірегі. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар елдің еңсесін тіктеп, халықтың өмір сапасын арттыруға үлес қосып келеді. Айта кетерлігі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:

  • Мәдениет пен өнер – ел өміріндегі өте маңызды сала. Өнер – ұлттың жаны, ал мәдениет – рухани келбеті. Бұл қос құндылықты өркениетіміздің өзегі деуге болады. Оны сақтап, байыта түсу – ортақ парыз. Әбіш Кекілбайұлы «Мәдениет тарихы – түптеп келгенде адамзат тарихы» деген. Қазақтың бітім-болмысын оның төл өнерінен көруге болады. Елімізде мәдениет пен өнер саласына ерекше басымдық беріліп келеді,- деген сөзі бар.
    Осы орайда Созақ ауданы – ғасырлар қойнауынан сыр шерткен тарихи мекен ғана емес, бүгінгі таңда мәдениетімен де айшықталып отырған өңір деп айтуымызға негіз бар. Аудан халқының рухани қажеттілігін өтеу, ұлттық салт-дәстүрді, өнер мен әдебиетті ұлықтау бағытында мәдениет саласы жүйелі түрде дамып келеді.
    Бүгінде ауданда 40 мәдениет мекемесі жұмыс істейді. Оның 17-сі – мәдениет үйлері мен клубтар, 23-і – кітапханалар. Бұл нысандар – ауыл тұрғындарының мәдени тыныс-тіршілігінің орталығы, жастардың шығармашылық әлеуетін шыңдайтын алтын ордасы саналады.
    2025 жылы аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, ағымдағы жөндеуді қажет ететін 9 мәдениет мекемесінде жөндеу жұмыстары толық жүргізілді. Бұл — мәдени орталықтардың қызмет сапасын арттырып, халыққа қолайлы орта қалыптастыруға жол ашты.
    Сонымен қатар, Қыземшек кентіндегі мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттары (ЖСҚ) әзірленді. Жобаға қажетті қаражат бөлініп, келісімшарт түзіліп, жобалау жұмыстары аяқталды. Бұл мәдениет ошағы алдағы уақытта жаңғыртылып, ел игілігіне ұсынылмақ.
    Аудан кітапханаларында цифрлық ресурстарды арттыру, жаңа әдебиеттермен толықтыру, түрлі әдеби-мәдени іс-шаралар өткізу жолға қойылған. Клубтар мен мәдениет үйлерінде үйірмелер, ансамбльдер, театр қойылымдары жұмыс істейді. Олар жастарды өнерге баулып, елдің мәдени көкжиегін кеңейтуге ықпал етуде.
    Созақ ауданы алдағы уақытта да мәдени саладағы жетістіктерін еселеп, өнер мен өркениеттің өзегіне айнала бермек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы