Жұмыс – табыстың, табыс – тұрақтылықтың көзі десек әлеуметтік мәселелердің басым бөлігі жұмыссыздықтан туындайды. Сондықтан халықты жұмыспен қамту – қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтаудың басты шарты.
Осы ретте Созақ ауданында 2025 жылдың 10 айы ішінде жұмыспен қамту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп, әлеуметтік қолдаудың нақты шаралары іске асты. Такрқатып айтар болса, ұлттық жобалар аясында 4 174 азамат түрлі әлеуметтік қолдау түрлерімен қамтылып, бұл көрсеткіш жылдық жоспардың 88,6 пайызын құрады.
Негізінен тұрғындарды мемлекеттік қолдау – нақты нәтижеге бастайды. Аталған ұлттық жобалар, кәсіпкерлікке қолдау бағдарламалары мен жергілікті бастамалар нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі төмендеп, жаңа жұмыс орындарын ашу аудан әкімдігінің басым бағыттарының бірі.
Аудан бойынша ұлттық жобалар шеңберінде 136 жаңа жұмыс орнын ашу көзделсе, есепті мерзімде 123 жұмыс орны іске қосылды. Сонымен қатар, еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы аясында 1 387 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған болатын. Бүгінде соның 1216-сы жүзеге асты.
Жұмыс іздеушілерді нақты еңбекпен қамту мақсатында 2 099 адамды бос жұмыс орындарына орналастыру көзделсе, 10 айда 1 440 адам жұмысқа жолданған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатындығын ауданы әкімі Мұхит Тұрысбековтың ел алдындағы кездесулерінде болған әңгімелерден аңғардық.
Жұмыс орны – әр отбасының тірегі. Мәселен, бір отбасы мүшесі тұрақты табыс тапса, ол бүкіл отбасының әл-ауқатына оң әсер етеді. Бұл – кедейлікті азайту мен әлеуметтік қорғаудың тиімді жолы. Осыған байланысты ауданда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» тапсырмасына сәйкес, Созақ ауданында 650 жаңа жұмыс орны ашылуы тиіс болса, бүгінгі таңда 949 жұмыс орны құрылып, межелі жоспар артығымен орындалыпты.
Естеріңізге сала кетейік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында халықты жұмыспен қамтуда жауапкершілік әкімдерге жүктелетінін айта келіп: «Әкімдер жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуға тиіс. Менің білуімше, бұл бағытта нақты нәтиже жоқ. Тағы да ескертемін. Өңір басшыларының жұмысын бағалаған кезде осы көрсеткішке баса мән береміз. Жұмыс орындарын ашу жұрттың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етеді. Экономиканың тұрақты дамуы да осыған байланысты. Сондықтан үкімет әкімдермен бірлесіп, бұл міндеттің қалай орындалып жатқанын талдауға тиіс»,-деген болатын. Осындай сын-ескертпелердің нәтижесі әр аймақта әрқалай көрініс беріп жатқанын ескерсек, Созақ ауданындағы жағдай Президент бастамасының оң нәтиже беріп жатқанын білдіреді. Түйіні азаматтарды еңбекке ынталандыру, мамандыққа бейімдеу және қайта даярлау – жұмыссыздықпен күрестегі маңызды құрал. Демек, бір отбасы мүшесі тұрақты табыс тапса, ол бүкіл отбасының әл-ауқатына оң әсер етеді. Бұл – кедейлікті азайту мен әлеуметтік қорғаудың тиімді жолы.
Жалпы, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрап отыр. Бұл – тұрақты даму мен әлеуметтік әл-ауқатты арттырудағы маңызды көрсеткіштердің бірі. Аудан әкімдігі алдағы уақытта да халықты жұмыспен қамту мәселесін басты назарда ұстап, нақты нәтижелерге қол жеткізуді көздеп отыр.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ
68 көрілім
