ТҮРКІСТАНДА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

1  900 көрілім


Түркістан қаласының аумағында орналасқан «Түркістан» индустриалды аймағы – өңір экономикасының дамуына серпін беретін маңызды өндірістік кластерлердің бірі. Жалпы көлемі 63,8 гектарды құрайтын бұл аймақ – инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға барлық инфрақұрылыммен қамтылған тиімді алаң.
Бүгінде индустриалды аймақта жалпы құны 19,8 млрд теңгені құрайтын 31 өнеркәсіптік-инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар толықтай іске қосылғанда 1216 жаңа жұмыс орны ашылып, өңір тұрғындары үшін тұрақты табыс көзіне айналады.
Қазіргі таңда құны 9,9 млрд теңгені құрайтын 22 жоба іске асырылып, нәтижесінде 932 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Ал құны 9,96 млрд теңгелік 9 инвестициялық жоба іске асырылу үстінде. Бұл жобалар бойынша 286 жаңа жұмыс орны құрылуы көзделген.
Индустриалды аймақтың басты мақсаты – кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау арқылы отандық өндірісті дамыту, жергілікті өнім көлемін арттыру және халықты жұмыспен қамту. Аймақтағы жобалар түрлі салада – құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өндірісі сынды бағыттарда жүзеге асырылуда.
Түркістанның индустриалды аймағы – өңірдің экономикалық қуатын еселейтін, жаңа технологиялар мен өндірістік мәдениетті қалыптастыратын маңызды орталыққа айналып келеді.
Одан бөлек, қала аумағында құны 150,0 млрд. теңге болатын
11 ірі инвестициялық жобаны іске асыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Аталған жобалар қолданысқа берілгенде 4445 жаңа жұмыс орындары құрылады деп жоспарланып отыр. Аталған жобалардың ішінде құны 54,0 млрд.тг. болатын жобалардың құрылыс жұмыстары басталу сатысында. Соның ішінде «Кемел Транс» ЖШС – логистикалық орталық құрылысы, «КазАгроПласт» ЖШС – полиэтилен құбырлары мен ленталарын жасау жобасы, «ПалпСтайл» ЖШС – бір рет қолданбалы ыдыстар жасау жобасы қарастырылған. Сонымен бірге, қала әкімдігі тарапынан жаңа инвесторлар тартып, қала аумағында өнеркәсіпті дамыту мақсатында 20 гектар аумаққа дайын өндірістік ғимараттарды пайдалануға беру мақсатында қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды. Ол үшін эскиздік жобасы әзірленіп, келісілді. Жобалау сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан қорытындысы алынып, құрылыс жұмыстары басталды.
Жобаның негізгі құны 7,6 млрд.тг. болады деп жоспарланған. Ағымдағы жылдың соңына дейін 1-кезеңін іске асыру көзделіп отыр. Ол бойынша мердігер мекемеге тиісті ұсыныстар жолданып, межелі міндеттер өзара келісілген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы