Инвесторлардың құқығын қорғау – экономиканы дамытудың басты кепілі

1  614 көрілім

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі – кәсіпкерлердің құқықтарын оларды тіркеу сатысында тексерулерді тағайындаудың негізділігін зерделеу арқылы мемлекеттік органдардың қызметіне заңсыз араласудан қорғау болып табылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүектегі Қазақстан халқына жолдауында: «ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек, сондай-ақ мемлекеттің инвестициясы мен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей назар аудару қажет» – деп атап өтті.

Осы тапсырманы орындау мақсатында елімізде инвестициялық ахуалды, климатты жақсартуға, кәсіпкерлердің, әсіресе инвесторлардың құқықтарын жан-жақты қорғауға бағытталған жүйелі шаралар қабылданып келеді.

Солардың бірі – «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» (бұдан әрі – ТСОБТ)ақпараттық жүйесіне енгізілген прокурорлық сүзгі тетігі.

Қазіргі таңда, Түркістан облысы бойынша бақылау және қадағалау органдарымен инвесторларға қатысты 48 тексеру тағайындалып, 12 тексеру тіркеудан бас тартылған.

Прокурорлық сүзгі – бұл мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының кәсіпкерлік қызметке, әсіресе шетелдік және ірі отандық инвесторларға негізсіз тексерулер жүргізуіне жол бермейтін электрондық құқықтық бақылау құралы.

Енді инвесторға қатысты кез келген тексеру алдын ала ТСОБТ жүйесіне енгізіліп қана қоймай, прокуратура органдарымен заңдылық тұрғысынан талданып, сарапталады.

Прокурорлық сүзігің негізгі міндеттері:

Инвесторларға қатысты себепсіз тексерулерге тосқауыл қою;

Бақылаушы органдардың іс-әрекетін заң талаптарына сәйкестендіру;

Кәсіпкерлікке кедергі келтіретін әкімшілік қысымды азайту және бизнеске қолайлы жағдай жасау.

Егер тексеру заңсыз немесе негізсіз деп танылса, ол бірден тоқтатылады.

Яғни осылайша, инвесторлардың заңды мүдделеріне негізсіз араласу алдын ала тоқтатылып, бизнеске қатысты заңсыз арласу фактілері тоқтатылады.

Айдын ТОРЕБЕКОВ

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі 

комитетінің Түркістан облысы

бойынша департаментінің бастығы

#Заң_мен_Тәртіп

#Закон_и_Порядок

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы