ҰСТАЗ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТІРЕГІ

52 көрілім

Қазан айының алғашқы жексенбісі – мейірім мен парасаттың, ізгілік пен ұлағаттың мерекесі. Бұл күн – ұлт болашағын тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына құрмет көрсетілетін ерекше мейрам.

Ұстаз – адам өміріндегі ең қадірлі тұлға. Ол – жүректен жол тапқан шырақшы, білім мен тәрбиенің киелі дәнін себуші. Әрбір шәкірттің бойындағы талантты байқап, білімнің биігіне жетелеу – ұстаздық борыштың биік үлгісі. Сондықтан да ұстаз еңбегі – кез келген марапаттан биік, кез келген еңбектен асыл.

Бүгінгі таңда еліміздің дамуы мен келешегі ұстаздардың қолында. Өйткені елдің ертеңі – білімді ұрпақтың қолында, ал сол ұрпақтың рухани өзегін қалыптастыратын да – ұстаз. Президентіміздің “Білімді ұлт – табысты ел” деген қағидасы ұстаз еңбегінің қоғамдағы ерекше орнын айқын көрсетеді.

Білім мен ғылымның шамшырағы болған ұстаздарымыздың еңбегі ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Әр шәкірттің жүрегінде ұстазға деген құрмет пен алғыс сезімі мәңгілік. Олар – адамгершіліктің, рухани байлықтың және елдік сана-сезімнің бастауы.

Осы Ұстаздар күні мерекесінде барша ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз. Сіздердің еңбектеріңіз – ел игілігіне бағытталған, ұлт болашағын жарық жолға бастайтын ұлы миссия.

Балнұр ПЕРНЕХАН,

Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы