РУХАНИЯТ ПЕН ДӘСТҮРДІҢ АЛТЫН АРҚАУЫ – ҚАРТТАРЫМЫЗ

1  654 көрілім

1 қазан – елімізде жыл сайын ерекше құрметпен аталып өтетін Қарттар күні. Бұл күн – өмір жолы өнеге мен еңбекке толы, ел дамуына сүбелі үлес қосқан қарияларымызға алғыс айтып, оларды ұлықтайтын ізгі ниет пен рухани тағзымның күні. Осыған орай Түркістан қаласында дәстүрлі түрде Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылып келе жатқан «Қазыналы қарттарым» атты ұлттық өнер сайысы биылғы жылы да жоғары деңгейде өтті. Бұл игі бастама ардагерлерді ардақтау арқылы ұлттың рухани негізін нығайту, ұрпақ сабақтастығын жалғау сынды биік мақсаттарды көздеді.

Салтанатты шараның шымылдығы «Яссы» халықтық би ансамблінің орындауындағы «Шабыт» биімен ашылды. Одан кейін Мәдениет үйі әртістерінің сахналауымен «Бақ қарап – қыдыр дарысын» атты танымдық көрініс ұсынылды. Рухты серпілтіп, елге деген сүйіспеншілікті арттыра түскен Мәдениет үйі әншілерінің орындауындағы «Қазақстаным» әні көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Әр байқау бағыты бойынша әділ бағасын беріп, салмақты төрелігін айтқан қазылар алқасы құрамында елге танымал, рухани, мәдени ортада орны бар ардагерлер мен сала мамандары болды:

  1. Түркістан қаласының Құрметті азаматы,  Білім саласының Құрметті зейнеткері, Қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы – Кұлбайымбетов Жарқынбек

2. Түркістан қаласының құрметті азаматы, Облыстық, қалалық еңбегі сіңірген медалдарының иегері, Облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы – Ізтлеуов Есеналімұрат Маханұлы
 
«Дәстүрімнің бал қаймағы» әжелер сайысының қазылар алқасы құрамы.
1. Еңбек ардагері, «Түркістан қалалық Әйелдер алқасының» мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР «Үздік кітапханашы» төсбелгісінің иегері, Зейнеткер – Сержанова Раушан Нурпейісқызы
 
2. Жоғары санатты мұғалім, Қалалық әйелдер алқасының мүшесі, Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, Өзбек этно мәдениеті аналар алқасының мүшесі, «Қоғам жанкүйері» төс белгісінің иегері, Ыбырай Алтынсарин медальінің иегері, Музыка әдістемесінің доценті, зейнеткер – Халықбердиева Угулжан Якубқызы

3. ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Мәдениет саласының ардагер – Нәлтаева Пернекүл Сейтбекқызы

«Спорт – жан серігім» спорттық сайысына  қазылық етуші
1. «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, Түркістан қаласының Құрметті азаматы  – Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы болды.

Биылғы шара бұрынғыдан өзгеше, ұлттық мазмұнды терең қамтыған үш бағытта ұйымдастырылды. Алғашықысы «Дәстүрімнің бал қаймағы» – Әжелер сайысы. Бұл кезеңде қатысушы әжелер ұлттық киім киіп, өзін-өзі таныстырып, отбасындағы келін, қыз, немерелерімен бірлесе жасаған қолөнер бұйымдарын ұсынды. Құрақ көрпе, кесте, ши тоқу секілді ұлттық мұрамызды насихаттайтын бұйымдар көрерменнің назарын аударды. Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер көрсетіліп, әжелердің орындауында «Ауылдың алты ауызы» шырқалды.

Өнер фестивалінде «Бата – ұрпақ аманаты» – Батагөй қариялар байқауы да назардан тыс қалмады. Жалпы қазақы танымда бата – рухани тәрбие, ұлттық болмыстың өзегі. Бұл сайыс екі кезеңнен тұрды: жатқа бата айту және сұрақ-жауап кезеңі. Қатысушылар ұмыт бола бастаған ас батасы, той батасы, сапар батасы, қыз-келіндерге арналған тілектер сияқты көне баталарды жаңғыртып, мәнерлеп жеткізді.

Сондай-ақ қазыналы қарияларымыз «Спорт – жан серігім» – Қарттар арасындағы спорттық сайысында бақ сынасты. Жасы келгенімен, жалыны сөнбеген аталар мен әжелер шахмат, дойбы және қол күрес түрлерінен сынға түсті. Бұл – салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, қариялардың сергектігін, жан-жақты дамыған тұлға екенін танытатын ерекше дода болды.

Фестиваль қорытындысы бойынша шынайы шеберлер – лайықты жеңімпаздар тізімі төмендегідей:
Әжелер сайысы:
Бас жүлде – Умирова Култай
I орын – Болысбаева Дүйсенкүл
II орын – Халықбековa Нұржамал, Сатбергенова Күләш.
III орын – Сагимбекова Палзада, Төлеш Мәрзия, Аширaлиевa Асия

Бата беру сайысы:
Бас жүлде – Нәлібаев Тұрғанбай
І орын – Утегенов Қалдыбек
ІІ орын – Қошанов Кіребек
ІІ орын – Сыздыков Берікхан
ІІІ орын – Аманқұлов Болатбек, Айтжанов Жұматай, Пачанов Хайрулла

Арнайы номинациялар:
«Батагөй қария» – Бейсенбеков Тасболат
«Қазыналы қария» – Пансұров Құрал

Спорттық сайыс нәтижелері (шахмат):
1 орын – Джумадуллаев Қуанышбек
2 орын – Жарқынбек Ерсі, Джалилов Зиявиддин, Майлыбаев Алимжан,
3 орын – Каликулов Зауржан, Атабаев Набихан

Қатысқаны үшін Сырлыбаева Күнсұлу, Аханов Назарбек.

Дойбы:
1 орын – Пәйзіұлы Хамза
2 орын – Қалымбетов Сәду
2 орын – Мұратова Саймидихан
2 орын – Дүйсекбаев Сенбек
3 орын – Мелдебекова Ұлтуар
3 орын – Нарымбетова Роза

Қолкүрес
1 орын – Усманов Сабыржан
2 орын – Малыбаев Болат
3 орын – Ратаева Мырзахан
3 орын – Алкеев Оралбай

Іс-шара соңында қатысушылар мен көрермендер үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталып, қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Сахна төрінде сөз алған алқа құрамы мен Түркістан қалалық Мәдениет үйінің директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Лиза Төлегенқызы «Бүгінгі шара – бір күндік көңіл көтеру емес, бұл – ұлттың рухани байлығын дәріптеген, ұрпақтар үндестігін көркем өрген өнегелі басқосу. Қария – елдің ырысы, аналар – отбасының алтын қазығы. Сіздер аман болыңыздар!» – деп жүректен шыққан сөздерін жеткізді.

«Қазыналы қарттарым» ұлттық өнер фестивалі – Түркістан төрінде өткен тәрбиелік мәні зор, мазмұны бай, рухани терең шара ретінде ел жадында ұзақ қалары сөзсіз. Ел боламын деген жұрт – қариясын қадірлейді. Осындай тағылымды істер арқылы қазақтың қазынасы – қария екенін тағы бір мәрте дәлелдедік.

Ақмарал ҒАНИҚЫЗЫ
ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы