Чикунгунья– масалар арқылы таралатын вирусты ауру болып, РНК-лы альфавирустар туысының тогавирустар тұқымдасынының вирусы. Чикунгунья вирусының (CHIKV) негізгі таратқышы – маса. Чикунгунья атауы кимаконда тілінен аударғанда , буындары қатты аурып бүктеліп, қисайған адамның тұрысы деген мағынаны білдіреді. Вирус негізінен тропиктік аймақтарда Азия, Еуропа, Кариб теңізі аралы, Оңтүстік және орталық Америкада кездеседі. Чикунгунья ауруы трансмиссивты жолмен яғни маса шағуы арқылы, вертикальды жолмен анадан баласына және қан арқылы қан препараттары, ағзалардың транспалантациясы кезінде беріледі. Инкубациялық кезеңі – бұл адам Чикунгунья вирусын жұқтырғаннан кейін симптомдар пайда болғанға дейінгі уақыт. Ол 1 күннен 14 күнге дейін болуы мүмкін. Жедел инфекция кезеңінде дене қызуы 39С дан жоғары болып,дене қызуының көтерілуі 3-5 күн аралығында сақталады. Чикунгунья ауруының клиникалық белгілері: полиартральгия, денеде бөртпелердің пайда болуы, бас ауруы, миалгия,конъюктивит, гиперпегментация,, перифериялық лимфоаденопатия , беттің ісінуі және тағы басқа қосымша көріністер болуы мүмкін.
Чикунгунья ауруының жедел инфекция кезеңін Денге қызбасы, Зика вирусы, В19 паравирусы, қызамық, Росс-Ривер вирустарымен, ал тұрақты,қайталамалы түрін серонегативті ревматоидты артрит, реактивті артрит, СКВ, созылмалы С гепатит ауруларымен дифференциальдық диагностика жасалынады. Эпидемиологиялық анамнез жинау, клиникалық қан талдаулары, серологиялық әдістермен диагностикасы жүргізіледі
Чикунгунья ауруының емі: жедел инфекциялық түрінде , дене қызуын төмендету, төсек режимын сақтау, сұйықтық көп ішу, бөліп жиі тамақтану, майлы, қуырылған тамақтардан,алкогольден бас тарту қажет. Ауруды жеңілдету және дене қызуын төмендету мақсатында симтоматикалық ем тағайындалады. Тұрақты қайталанатын түрінде үш ай бойы буын қабыну аурулары болған жағдайда ревматолог дәрігердің кеңесін алып, зерттеулерден өтіп ем алу қажет.
Чикунгунья ауруының алдын алу:
– Маса шағуының алдын алу;
– -маса шағуына қарсы репелленттер қолдану;
– -масалар көп жерлерде жабық типтегі қорғаныс торы бар киімдерді қолдану қажет.
Түркістан қалалық емханасы Бірлік бөлімшесінің жалпы тәжірибелі дәрігеріОмарова Сабохат Исамиддиновна
