Жолдауды қолдау Сандықтехнология-экономиканы ілгерілетудің  тірегі

541 көрілім

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы 8 қыркүйекте «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын  жариялады. 

  Сандық технология бойынша  он жылдан астам  уақыт ішінде көрші елдер ішінде көш бастады. Бұл Жолдау  жасанды интеллектті   қоғамның сан-саласына  енгізу бағытындағы  жаңа қадамға жетелейді . Елдің ертеңі  жаңа технологияға  байланысты болмақ.  Мемлекетті басқару жүйесін реформалауды  қолға алмақ. Қос палаталы Парламентті  бір палаталы ету  жүйесін қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.

  Экономиканы басқару жүйесін жаңғырту, теңгерімді шаралар арқылы бюджет тапшылығын азайту, жасанды интеллектті  реттеудің құқықтық және этикалық негіздерін қалыптастыру, денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тұрақтылығын арттыру, құқық үстемдігін нығайту, қоғамды дәйекті түрде демократияландыру және азаматтардың мемлекеттік шешім қабылдау ісіне қатысуын кеңейту тақырыптарына да ерекше көңіл бөлінді.

Қазақстан Халық партиясы  Түркістан облыстық филиалы  Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру мақсатында  қаладағы бірқатар мекемелерде  болып, ұжыммен кездесті. Пікіралмасты, ұсыныстарын тыңдады.

                                                                                          Ы.Ж. Ахметов,

                       ҚХП Түркістан облыстық филиалы

                                                   төрағасының орынбасары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы