ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ЖАҢА ЖЫЛДЫ ЖАҢАРҒАН САЯБАҚТА ҚАРСЫ АЛДЫ

2  270 көрілім

Бүгін облыс орталығының тұрғындары жаңа жыл мерекесін жаңарған саябақта тойлады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, қала әкімі Рашид Аюпов бастаған зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері қатысқан кеште орталық саябақтың салтанатты түрде лентасы қиылып, іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Жаңа жыл мейрамы қарсаңында құрылыс жұмыстары аяқталған саялы саябақтың ресми ашылуымен құттықтаған Өмірзақ Естайұлы: “Түрленген Түркістанда “Арбат”, “Гүлдер саябағы”, “Әуенді субұрқақ” сынды бірқатар әлеуметтік маңызға ие нысандар ел игілігіне пайдалануға берілді. Әр тұрғын, мекеме өз ауласын, айналасын көгалдандырып, гүлдендірсе 4-5 жылда қала жасыл қалаға айналары сөзсіз. Болашақта Түркістан Қазақстанымыздағы көрікті қалалардың бірегейіне айналарына сенімім кәміл. Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен, құрметті түркістандықтар!», – деген тілегін жеткізді.

Жастар мен отбасылық серуенге қолайлы демалыс аймағында “Түркістан жарық-тазалық” ЖШС мекемесі тамыз айының 29-жұлдызынан бастап абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесі көңіл қуантарлық, қала логотипі бейнеленген қаз-қатар аркалы жарықшамдар орнатылып, орындықтар мен жаяу жүргіншілер жолы жаңартылған.

«Жаңа жыл – жарқын бастама» атты мерекелік кешке ұласқан ән шашу қала халқы мен қонақтары үшін шат-шадыман көңіл күй сыйлады. Қайрат Нұртас бастаған қазақ эстрада жұлдыздарының шырқаған әуезді әні мен отшашу жаңажылдық кеш көпшілік көкейінде ұзақ уақыт сақталары анық.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ, «Түркістан».
Суреттерді түсірген:
Антон ЛЕЩЕНКО.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы