Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке

559 көрілім

Түркістан қаласында жастарға арналған «Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» атты алғашқы практикум өтті.

Жиында сөз алған қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы:
«Еріктілік – жастардың азаматтық белсенділігін арттырып қана қоймай, қоғамға шынайы пайда әкеледі. Әлеуметтік бастамалар – қаламыздың дамуына серпін беретін маңызды қадам. Біз жастардың идеяларын әрқашан қолдаймыз, олардың табысты кәсіпкер болып қана қоймай, қоғам үшін де пайдалы жобаларды жүзеге асыратынына сенеміз», – деді.

Практикумға қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі қырларын меңгерді. Олар гранттарға жоба дайындау, пичинг әдістерін қолдану, ұйым брендингін қалыптастыру және қаржылық тұрақтылыққа жетудің тәжірибелік жолдарын үйренді.

Басты спикер – Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті, «Global Kishkentai» инклюзивті шеберханасының негізін қалаушы Гүлмира Пармышева өз тәжірибесін бөлісті:
«Әлеуметтік кәсіпкерлікке жеті жыл бұрын келдім. Бұған өмірдің өзі итермеледі. Ерекше қызымды қатарға қосу үшін барымды салып жүріп, осы саланың бір бөлігіне айналып кеткенімді байқамай қалдым. Қазір Орталық Азияға дейін өнімін экспорттайтын кәсіп иесімін. Бірақ көп адам өзінің әлеуметтік кәсіпкер екенін білмейді. Сондықтан Түркістан қаласы әкімдігінің бұл бағытқа назар аударуы – үлкен қуаныш», – деді ол.

Шараға әлеуметтік кәсіпкерлер, меценаттар, белсенді жастар мен жергілікті билік өкілдері қатысты. Сонымен қатар алғаш рет Түркістан еріктілерінің еңбегі мен әлеуметтік жобаларға үлес қосқан азаматтардың арнайы көрмесі ұйымдастырылды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы