Қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді көпір – бұл азаматтардың дауысы, яғни олардың жолданымдары.
Қарапайым тұрғындардың мәселесін тыңдау, оны шынайы шешуге ұмтылу – кез келген мемлекеттік органның басты міндеті. Ал бұл жұмыс қалай жүріп жатыр? Өкінішке орай, кейде жолданымдар формальды түрде қаралып, нақты нәтиже болмай жатады. Ал шын мәнінде, әр жолданым – адам тағдыры, өмірлік маңызды сұрақ.
Қазіргі таңда азаматтар өз мәселесін жеткізуде қағазбастылықтан арылып, тікелей әрі тиімді жол – «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне жүгінуде. Бұл цифрлық құрал арқылы азаматтар өз жолданымдарын жолдап қана қоймай, олардың орындалу барысын онлайн форматта бақылауға мүмкіндік алады. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметтердің ашықтығын артып, қоғамда әділеттілік пен сенімділік ұстанымдары нығаюда.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректеріне сәйкес, Түркістан облысының мемлекеттік органдарында 2025 жылдың 7 айында «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 111 мыңнан астам жолданым тіркелген (арыз – 84 346, шағым – 4 554, хабар – 7 573, сұрау салу – 12 101, үн қосу – 105, ұсыныс – 2 387), оның 84 мың жолданымы қаралса, 24 мың құзыреті бойынша уәкілетті органдарға жолданған.
Ал 2024 жылдың көрсетілген мерзімінде 88 мың жолданым тіркелген, яғни қазіргі таңда жолданым саны өткен жылмен салыстырғанда 25,9%-ға көбейген.
Демек, халық арасында «е-Өтініш» АЖ арқылы жолданған жолданымдардың қаралу сапасына деген сенімділік артып, қолдану жағдайы күннен күнге артып жатқандығын білдіреді.
Бұл құқықтық мәдениеттің артуына және мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді өзара байланыс механизмін қалыптастыруға ықпал етеді. Әр жолданымның артында шынайы тағдыр, үміт, сенім бар. Сол сенімді ақтау – билік үшін тек міндет емес, абырой ісі.
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің
Түркістан облысы бойынша
департаменті
#заң_және_тәртіп
#закон_и_порядок
