Түркістанда ауыз су және сарқынды су жүйелерінің жұмысы таныстырылды

664 көрілім

Түркістан қаласында ауыз су мен сарқынды су жүйелерінің қалай жұмыс істейтіні кеңінен таныстырылды. Шараны Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Түркістан-Су» мекемесі бірлесе өткізді.

Алдымен БАҚ өкілдері №1 сарқынды су насос станциясына барып, ондағы жұмыспен жақыннан танысты. Бұл жерде тәулігіне мыңдаған текше метр сарқынды су қабылданып, тазарту жүйесіне бағытталады. Мамандардың айтуынша, заманауи технологиялар суды бірнеше кезеңнен өткізіп, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Келесі аялдама орталық су қоймасы болды. Қалаға ауыз су дәл осы нысаннан жеткізіледі. Сала мамандарының сөзінше, қойманың қуаттылығы Түркістан тұрғындарының толық сұранысын қамтамасыз етуге жетеді.

Журналистер сондай-ақ «Арай» және «Жас қазақ» көшелерінде жүргізіліп жатқан су құбырларын жаңарту жұмыстарын көзбен көрді. Қала бойынша ескі құбырлар кезең-кезеңімен ауыстырылып, сапалы әрі үздіксіз ауыз су жеткізу жүйесі жолға қойылып жатыр.

Шараның соңғы бөлігі сарқынды суды тазалау станциясында өтті. Мұнда сарқынды сулар бірнеше сатылы сүзгіден өтіп, қайтадан табиғи айналымға жіберіледі. Бұл судың әр тамшысын үнемдеуге, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадам.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шараның мақсаты тұрғындарға су ресурстарының қалай басқарылатынын көрсету, әрбір тамшы судың артында үлкен еңбек жатқанын түсіндіру.

Осылайша, Түркістандағы су жүйелері ашық әрі түсінікті түрде көрсетіліп, тұрғындар мен журналистердің сенімін арттыруға бағытталған маңызды басқосу болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы