ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН САНЫ АРТТЫ

727 көрілім

Халықты қолжетімді бағамен азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету – әлеуметтік әділеттілік пен тұрмыстық тұрақтылықтың маңызды кепілі. Осы орайда, Түркістан қаласының тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету және азық-түлік нарығындағы бағаны тұрақтандыру мақсатында бірқатар жүйелі шаралар жүзеге асырылуда.

Жақында Түркістан қаласында кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен, әрқайсысының аумағы 50 шаршы метрді құрайтын жаңа 4 әлеуметтік дүкен ашылды. Жаңа нысандар «Түркістан» ӘКК» АҚ-мен серіктестік негізінде іске қосылып, қала тұрғындарына тиімді бағада өнім ұсынуда. Жаңа дүкендер Түркістан қаласының 24 көше 12/1, 24 көше 16/1, 11 көше 14/1 және 9 көше 20/3 мекенжайларында орналасқан.

– Бүгінгі таңда «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ның ұйытқы болуымен облыс көлемінде 39 әлеуметтік дүкен жұмыс істеуде. Бұл дүкендер мен сауда орындарында халық күнделікті тұтынатын 19 түрлі азық-түлік тауары төмендетілген бағамен ұсынылады. Атап айтқанда, Түркістан қаласының өзінде – 30 дүкен, Кентау қаласында – 7 дүкен, ал Арыс қаласында – 2 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр, – дейді «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева.

Айта кетейік, алдағы уақытта да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғасын табатын болады.  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы