АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МҮШӘЙРАДА ЖҮЛДЕ АЛДЫ

516 көрілім

Семей қаласындағы Әлихан Бөкейхан университетінде ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Өлең – сөздің патшасы» атты халықаралық ақындар мүшәйрасы өтті. Жыр додасына еліміздің әр өңірінен 80-нен астам ақын өтінім жіберіп, оның ішінен іріктеліп алынған 8 ақын ғана ақтық кезеңде өлең оқуға шақырылды.

Сәрсенбінің сәтінде шығыстан жеткен сүйінші жаңалықтан естігеніміз әлгі сегіз ақынның қатарынан көрінген біздің «Түркістан» газетінің тілшісі Дәурен Тілеухан қорытынды кезеңде жүлделі үшінші орынға ие болды. Бұл – Абай әлемін заманауи поэзиямен өрнектеп, ұлттық сөз өнерінің биігін таныту жолындағы сүбелі жетістік. Байқаудың мақсаты – Абай мұрасына деген құрметті арттыру, қазіргі қазақ поэзиясының дамуына серпін беру, жас таланттарға шабыт сыйлау және халықаралық шығармашылық байланысты нығайту. «Өлең – сөздің патшасы» атты мүшәйра – ұлы Абайдың рухани әлемін заманауи поэзия тілімен өрнектеу, жастарға үлгі-өнеге беру және ұлттық әдебиетіміздің дамуына жаңа серпін беретін тағылымды шара болып отыр» дейді ұйымдастырушылар.

Дәурен Тілеухан – «Түркістан» қалалық газетінің тілшісі, «Сағыныш сыбыры» жыр жинағының авторы, Халықаралық «Алтын қалам» әдеби байқауының және бірнеше республикалық мүшәйраның жеңімпазы. Сонымен қатар Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Әріптесімізге шығармашылық шабыт пен жаңа табыстар тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы