МЕДИАЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАБЫЛДАУЛАР ӨТКІЗІЛДІ

1  086 көрілім

Түркістан қаласындағы “Аналар аллеясы” мемориалының жанында орналасқан ашық алаңда Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ-і мен Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің ұйымдастыруында ҚР “Медиация күніне” орай республикалық “Елдесу және татуласу” жобасы аясында кәсіби және қоғамдық негізде істейтін медиаторлардың, мүдделі мекемелер мен ұйымдар өкілдерінің, сонымен қатар, қала тұрғындарының қатысуымен медиацияның тәртібін қолдану мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдаулар өткізілді.

Жиында сөйлеген Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы, “Бітімгер” медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев өз сөзінде барлық азаматтарды, оның ішінде кәсіби және қоғамдық негіздегі медиаторларды мерекелерімен шын жүректен құттықтап, жиналған қауымға медиацияның маңызы мен барлық құқықтық қарым-қатынаста атқаратын рөлін атап өтті. Сондай-ақ, бүгінгі таңда ел үшін, жер үшін бірлік пен татулықтың өте қажет екендігін, ал осы құндылықты сақтап және нығайтуда медиация саласының орасан зор ықпалын айтып өтіп, оның қолданылу жолдары мен тәртібіне тоқталды.

Іс-шара барысында сөйлеген Түркістан облыстық ҚХА жанындағы өзбек этномәдени орталығының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Зуппархан Чалданов, еңбек ардагері, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Кеңес Мәрсәліұлы, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің Түркістан қалалық филиалының төрағасының орынбасары Әбжаппар Садвахасов, еңбек ардагері, Семей ядролық полигоны ардагерлері кеңесінің мүшесі Ордабаев Бекмырза мен “Қолқанат” волонтерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрғанбай Нәлібаев өз сөздерінде медиацияның ел арасындағы татулық пен келісімді одан әрі нығайту бағытындағы тиімді құрал екендігін айта келіп, Бақытжан Бейсембаевтың басқаруындағы медиаторлар кеңесінің жұмысын жақсы бағалайтындықтарын атап өтті. Осыдан соң медиаторлар медиация саласына қатысты сұрақтары мен ұсыныс-пікірлері бар 40-тан астам азаматтарды қабылдап, түсіндірме жүргізді.

Жиын соңында Бақытжан Бейсембаев медиацияның дамуына Түркістан қаласы мен облыс көлемінде белсенді түрде үлес қосып жүрген бірнеше азаматқа Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының және “Бітімгер” медиаторлар қоғамдық бірлестігінің Алғыс хаттарын табыс етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы