Түркістанда ерекше жандарға арналған кеш өтті

408 көрілім

Бүгін Түркістан қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға арналған ерекше әрі мазмұнды шара өтті. “Абилитация” атауымен ұйымдастырылған бұл кешке спорт саласында жетістікке жеткен және қоғамда белсенділік танытып жүрген ерекше жандар қатысты.

Іс-шараның ашылу салтанатына Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қалалық әйелдер алқасының төрайымы, ҚР мәдениет қайраткері Ұлжан Мұстафаева және бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев арнайы келіп, қатысушыларға қолдау білдірді. Шара барысында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының қызметкерлері арнайы көрме ұйымдастырып, көпшілік назарына ерекше туындыларды ұсынды. Сонымен қатар №1 арнайы кешен балабақша-мектеп интернатының тәрбиеленушілері мен ерекше қабілеті бар азаматтар өз өнерлерін ортаға салды.

Кеш соңында белсенділік танытқан барлық қатысушылар Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова, Жарқынбек Құлбайымбетов пен Ұлжан Мұстафаеваның қолынан марапаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы