Түркістанда “Шектеусіз спорт” сайысы өтті

415 көрілім

Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүмкіндігі шектеулі балалар мен танымал тұлғалардың қатысуымен “Шектеусіз спорт” атты достық сайысын ұйымдастырды. Бұл шара инклюзияны қолдап, қоғамда тең мүмкіндікті дәріптеуге бағытталған.

Жарысқа ерекше қажеттілігі бар балалар мен танымал тұлғалардан құралған 8 топ қатысты. Қатысушылар екі кезең бойынша спорттың екі түрінен өзара бақ сынасты. Сайыс достық пен қолдауға негізделіп, қатысушылардың рухын көтеріп, жаңа шабыт сыйлады.

Шараның ашылу салтанатында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара Намазбаева, Түркістан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов және ҚР мәдениет қайраткері Ұлжан Мұстафаева құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа қолдау білдірген танымал тұлғалар қатарында Азия ойындарының чемпионы Дидар Хамза, ҚР спорт қайраткері Марат Божбанбаев, спорт шебері Қыдырәлі Сымбат Нұрланқызы, “Түркістан” телеарнасының журналистері, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен Дания Med клиникасының өкілдері болды.

Жарыс соңында барлық қатысушылар арнайы сый-сияпаттармен және алғыс хаттармен марапатталып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Шара спорт арқылы шекараны жойып, шынайы достық пен жанашырлықтың үлгісін көрсетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы