Меруерт Абуова өзінің еңбек жолында қасиетті шаһардың дамып, өркендеуіне сүбелі үлесін қосып келе жатқан білікті маман деп білеміз. Сонымен қатар, жаңа жыл мерекесі қарсаңында Меруерт Абдуалиқызы еңбектегі жоғары жетістіктері мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Түркістан облысы әкімінің грамотасымен марапатталды.

Оған қоса, ел тәуелсіздігі қарсаңында қала әкімдігінде мерекелік жиын өткенінен хабарымыз бар. Тәуелсіздіктің 28 жылдығында қала басшысы Р.Аюпов облыс орталығының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бір топ сала мамандары мен қоғам белсенділерін, әкімдік қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады. Сондай құрмет қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Меруерт Абуоваға да табысталды. Бізде редакция ұжымы атынан қос марапат құтты болсын! Жаңа жылда жаңа табыстарға жете беруіңізге тілек білдіреміз.

Редакция ұжымы.
Түркістан қалалық мәслихат депутаттары түрлі марапаттарға ие болды. Жыл қорытындысы бойынша, еңбектері еленген халық қалаулыларын біз де редакция атынан құттықтауды жөн санадық.
Атап айтсақ, Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев «Облыстың Құрметті депутаты» төсбелгісіне ие болды.
Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Темірбаев «Ерен еңбегі үшін» медалына ие болды.
Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Мақсұтхан Дүйсебеков «Облыстың Құрметті депутаты» атанды.
Оған қоса, бірнеше депутаттар «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды. Ел игілігі жолында жасап жатқан еңбектеріңіз еселене берсін, құрметті депутаттар!