- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
«Гүлдер» саябағы маңында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен шаһар тұрғындары мен қонақтары үшін әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жаңа жыл қарсаңындағы арзандатылған тауарлар жәрмеңкесінде қырыққабат, сәбіз, картоп, пияздан бөлек нан, сүт өнімдерінің түрлері базар бағасынан 15-20 пайыз төменгі бағада саудаланды.

Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы Сұлтанғали Шакировтың айтуынша, облыс орталығында биылғы жыл ішінде қала кәсіпкерлерінің қатысуымен жәрмеңке 13 рет өткізілген. Оған шамамен 18 тонна азық-түлік пен 12 тонна ет өнімдері, 7 тоннаға жуық сүт өнімдері сатылымға шығарылған. Аталған әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі келесі жылы да өз жалғасын табатын болады.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында ұдайы өткізіліп тұратын жәрмеңке енді апта сайын өткізілмек. Оған Түркістан облысының әр ауданынан келетін кәсіпкерлер мен шаруалар өз өнімдерін сатылымға шығаратын болады.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,
«Түркістан».
Суреттерді түсірген:
Антон ЛЕЩЕНКО.