БАЛАЛАР ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САПАР ШЕКТІ

1  360 көрілім

Жаңа жыл – ең алдымен балалар мен бүлдіршіндер асыға күтетін мейрам. Осы күнде олар ертегілер әлеміне саяхат шегіп, ғажайып сәтті ерекше сезінеді. Міне, осындай құбылысты жандандырып, балаларға қуаныш сыйлау мақсатында қаламыздағы №23 IT мектеп-лицейінде «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» атты қала әкімінің қайырымдылық шыршасы өтті.

Балаларды сүйікті мерекесімен құттықтауға келген шаһар басшысының орынбасары М.Базарқұлов «Жаңа жылда жаңа жоспарлар жүзеге асып, үмітіміз оңынан ақталып, балаларымыздың жүзінен қуаныш кетпесін!», – деген ыстық лебізін білдірді.

Айта кетейік, салтанатты шара аясында тұл жетім, жартылай жетім, көпбалалы және аз қамтылған әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына жалпы саны 70, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі 30 балаға тәттілер мен тұрмыстық техникалар тарту етілді.

Сый-сияпаттарға ие болған балалар жаңа жылға арналған тақпақтарын арнап, әндерін, би қойылымдарын ұсынды. Ертегідегі кейіпкерлер, концерттік шоулар, ерекше дүниелер де балалардың бұл күні қуанышын еселей түсті.

Мереке түстен соң да жалғасын тауып, онда қаладағы барша білім ошақтарынан үздік деп танылған 40, мүмкіндігі шектеулі 20, сонымен бірге, шаһардағы құрылыстың қарқынды жүруіне ықпал етіп жүрген қызметкерлердің балалары да сыйлықтардан құр алақан қалмады.

Ж.ЕРЛАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы