ЖЕРІМІЗДІ АНАМЫЗДАЙ АЯЛАЙЫҚ

678 көрілім

Түркістандағы Ұлттық Құрылтайда сөз алған Қасым-Жомарт Тоқаев жер мәселесіне ерекше тоқталды.

«Жер – басты байлығымыз. Туыңды тігер тоқымдай жерің болмаса, өз мемлекетің де болмайды. Бабаларымыз бізге ұлан-ғайыр аумақты мирас етті. Оны шашау шығармай сақтап, көркейту – біздің қасиетті борышымыз», – деді президент.

 Осыған орай, Мемлекет басшысының пәрменімен ашылған Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары саласындағы 2024 жылы атқарылған жұмыстар барысы туралы баяндағым келеді. Сауран ауданының жер санаттары бойынша мәліметтерге тоқталар болсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №579 қаулысы негізінде Кентау қаласының шекарасы өзгертіліп, 6460077,41 гектарға өзгерді. Қазіргі таңда жер санаттары төмендегідей бөлінген. Сауран ауданының жалпы жер көлемі – 6460077,41 гектар болып бекітілді. Ауыл шаруашылығы мақсатында бөлінген жерлердің жалпы көлемі – 312341 гектар болып отыр. Оның ішінде жайылымдық жерлер – 243518 гектар, суармалы жерлер – 51516 гектарға жеткізілді. Елді-мекен жерлері – 66806 гектар болса, өзге де жерлер – 257128 гектар болып отыр. Қазіргі таңда саурандықтар осы жерді барынша тиімді пайдалану мақсатында көптеген ұйымдастыру шараларын өткізуде. Осыған толыққанды тоқталалық.

ЗАҢСЫЗ ЖЕРЛЕР ОРТАҚ ЖАЙЫЛЫМҒА БЕРІЛУДЕ

Қазақстан Республикасы Жер Заңнамасын бұза пайдаланып отырған жер телімдерін анықтап, тиісті органға жолдау бойынша да бірқатар шаралар атқарылды. Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімімен Қазақстан Республикасы Жер Заңнамасының талаптарын бұзып пайдаланып жатқан оның ішінде мақсатына сай пайдаланылмай жатқан, ор қазу, мия қазу, жайылымды суармалы жер ретінде пайдалану фактілері бойынша, 15 жер телімі анықталып, жалпы алаңы 4717,0 гектар жер телімін тиісті шара көру үшін Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды.

Қазақстан Республикасының Президентінің 01.09.2021 жылғы Жолдауы бойынша, «Жайылымдық жерді тиімді пайдалану мақсатында» Түркістан облысының жер қатынастары басқармасының жоспарына сәйкес, Сауран ауданында бүгінгі күнге дейін ортақ жайылымға алынған жер көлемі 55 мың гектарды құрады. Ортақ жайылымға нақты қолда бар сәйкестендіру құжаты мемлекеттік акті 25 мың гектарға түзілді. Елді мекен жайылымы үшін ауылдық округтің теңгеріміне бекітіліп берілгені 29 мың гектар. Нақты қолда бар мал басына қажетті жайылым – 45 мың гектарды құрайды.

ӨЗ БЕТІНШЕ ҮЙ САЛУШЫЛАР ЗАҢДАСТЫРЫЛУДА

Сауран ауданына қарасты ауыл округтердің елді мекен шегінде өз бетінше тұрғын үй салып жер заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді заңдастыру барысы туралы айтуға болады. Сауран ауданы бойынша өз бетінше тұрғын үй салып пайдаланып жатқан жалпы 1132 жер пайдаланушы анықталған. Бұл ретте айыппұл төлей отырып, заңдастырып алған 84 жер телімінің құжаттары толығымен рәсімделген. Қалған 1011 жер телімін заңдастыру Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің құзыретіне енгізілді.

Қазіргі таңда Қарашық ауылдық округінен 25 жер теліміне, Шаға ауылдық округінен 24 жер учаскелеріне 138 мың теңге айыппұл салынды. Алдымыздағы аптада Шорнақ ауылдық округінен 40 жер теліміне айыппұл салу көзделуде.

ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛУДА

Сауран ауданынан инвестициялық жобаларды дамытуға ұсынылған жер учаскелері барысы туралы айтар болсам, облыс әкімдігі тарапынан тұт ағаштарын отырғызу мақсатында берілген тапсырмасына сәйкес Жүйнек және Ескі Иқан ауылдық округтері аумағынан жер учаскелері таңдалып жалпы 171 жер пайдаланушының жалпы алаңы 13,1 мың гектар жер учаскесін қайтаруға тапсырма берілді. Тапсырмаға сәйкес, түгендеу жұмыстарының барысы бойынша жер учаскелерінің нысаналы мақсаттары жайылым 11,9 мың гектар, суармалы 1,2 мың гектар анықталып, 48 жер пайдаланушының жалпы алаңы 4,3 мың гектар жер учаскесіне ҚР Жер кодексінің 65-бабына сәйкес хабарламалар берілді.

Үшқайық ауылдық округі аумағынан инвесторларға ұсынылатын жер учаскелері туралы атап өтуге болады. Сауран ауданы Үшқайық ауылдық округі аумағынан инвесторларға ұсынылатын жер учаскесінің ықшам сызбасы әзірленіп жалпы алаңы 10,9 мың гектар жер телімін құрайды. Қазіргі таңда, жалпы алаңы 4,9 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, қалған 16 жер пайдаланушының жалпы алаңы 2,5 мың гектар жер учаскелерін қайтару мақсатында тиісті хабарламалар жолданып, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне хатпен жолданды.

Сауран ауданы бойынша игерілмей жатқан жерлерді түгендеу жұмыстарының барысы туралы айтар болсақ, Сауран ауданы әкімдігінің 10.04.2024 жылғы №39 н/қ өкіміне сәйкес құрылған жұмысшы топ Үшқайық, Бабайқорған, Майдантал, Қарашық, Шорнақ, Ескі Иқан және Жаңа Иқан ауылдық округтерінде рейдтік шаралар жүргізді. Нәтижесінде 62 жер пайдаланушының 1371,0 гектар жері игерілмей жатқандығы анықталып жұмысшы топ құрамымен жер телімдерінің басында акт түзілді. Аталған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мақсатында Түркістан облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментіне тиісті шара қабылдау үшін әкімдік тарапынан хат жолданды.

Сауран ауданы әкімдігінің 10.04.2024 жылғы №39 н/қ өкіміне сәйкес құрылған жұмысшы топ Үшқайық, Бабайқорған, Майдантал, Қарашық, Шорнақ, Ескі Иқан және Жаңа Иқан ауылдық округтерінде рейдтік шаралар жүргізді. Нәтижесінде 70 жер пайдаланушының 1371,0 гектар жері игерілмей жатқандығы анықталып жұмысшы топ құрамымен жер учаскелерінің басында акт түзілді.

Аталған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мақсатында Түркістан облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментіне тиісті шара қабылдау үшін әкімдік тарапынан хат жолданды. Жалпы алаңы 9,1 мың гектар жер телімдері мемлекеттік арнаулы қорға қайтарылып, жоспар 151,6 %-ға орындалды. Бұл кешенді шараларды алдағы уақытта тұрақты түрде жалғастыратын боламыз.

ЖЕР ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУІ ТИІС

Қазіргі таңда мемлекетке қайтарылған жерлер мен ортақ жайылымдық жерлерді игеру ашық та жариялы түрде жүргізілуде. Жер қатынастары саласынан жер учаскесін сатудан 303-101 кодына түсетін түсімдер соның көрінісі. Мәселен, 2024 жылдың жоспары бойынша 330 млн белгіленген. Қазіргі таңда 560 млн түсім түсті. Жоспар 140 % орындалды. Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерге жұмысшы тобы құрылып, тұрақты түрде жұмыстар жүргізіледі. «Түркістан қаласы маңынан Шығыс айналма жолының (30 шақырым) құрылысы үшін» Қарашық, Шаға ауылдық округтерінен өтетін жалпы 112 жер пайдаланушының тиісті қаражатын төлеу үшін республикалық бюджетке өтінім беру көзделеді. Түркістан-Шәуілдір бағытындағы жолды қайта құру бойынша Сауран ауданына қатысты бөлігі 40 жер пайдаланушы анықталып мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізіліуде. «Жасыл аймақ» КММ -не Тұқым бағы үшін Қарашық ауылдық округі аумағынан 120,0 гектар жерге орналасқан жер пайдаланушылардың жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстары атқарылмақ. «Turan» арнайы экономикалық аймағынан әуежай аумағына дейін салынатын темір жол құрылысын салуға арналған жер учаскелерін мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстарын жүргізу, Сауран ауданының жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарын бекіту жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Үшқайық ауылдық оркугіне қарасты Теке, С.Қожанов елді мекендерінде орналасқан су ұңғымаларын және бас жоспарға сәйкес жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылады. Сауран ауданы аумағынан 2021-2024 жылдар аралығындағы табысталған бау-бақша және өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін берілген жер учаскелерінің мақсатына сай пайдалануы бойынша түгендеу жұмыстары ұйымдастырылады. Ауылдық округі бойынша өндірістік, мал бордақылау, балық шаруашылығын дамыту мақсатында жер телімдерін инвесторларға ұсыну жұмыстары жүргізілуде.

ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН ЖАЛДАУ АУКЦИОН АРҚЫЛЫ АТҚАРЫЛУДА

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін конкурстық негізде табыстау мәселесәне тоқталар болсақ, 2024 жылы аукцион негізінде жалпы саны 21 жер учаскесі ойнатылып, 41,8 млн теңге бюджет есебіне түсім түсті. Аталған жер учаскелерінің далалық зерттеу актісі дайындалып, жерге орналастыру жобасы әзірленіп бекітілді. Алдағы уақытта конкурс электронды нысанда өткізу жоспарлануда.

Жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша сауда саттықта аукцион арқылы сатылған жер учаскелері туралы мәліметті же айтып өтуге болады. Ағымдағы жылы аукцион негізінде жалпы саны 14 жер учаскесі ойнатылып, 39 800 000 млн теңге бюджет есебіне түсім түсті.

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін конкурстық негізде табыстау туралы баяндауға болады. 2024 жылы Сауран ауданы бойынша жалпы 120 жер учаскесі конкурстық негізде табысталуға әзірленуде. Аталған жер учаскелерінің далалық зерттеу актісі дайындалып, жерге орналастыру жобасы әзірленіп бекітілді. Алдағы уақытта конкурсты электронды нысанда өткізу жоспарлануда.

Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасымен бекітілген бұйрықтар бойынша ақпараттарды талдайтын болсақ, 2024 жылдың 10 айында Сауран аудандық жер қатынастары бөлімімен жалпы саны 2914 бұйрықпен бекітілген. Оның ішінде 564 бұйрықпен бекітілуден бас тартылған. 3441 жер телімін бұйрықпен бекітіліп, келісілген. Жер комиссиясы бойынша ақпаратқа келер болсақ, 2024 жылы Сауран ауданы әкімдігінің жанынан құрылған жер комиссиясының 35 отырысы өткізіліп, 1310 өтініш қаралып, тиісті шешімдер қабылданған.

Жер телімін жалға беру немесе жеке меншікке сатуға арналған келісім шарт бойынша ақпаратқа тоқталар болсақ, 2024 жылы жалға алу келісім шарты негізінде 304 шарт түзілген және Жер учаскесін жеке меншікке сатып алу келісім шарты 703 рәсімделінген. 2024 жылдың жоспары бойынша 452,2 млн белгіленген. 2024 жылы 510,4 млн түсім түсті. Жоспар 112,9 % орындалды. Оның ішінде, аудан бойынша жоспары 209,1 млн, орындалуы 209,3 млн теңге яғни 100 % құрады. Ауылдық округ бойынша жоспары 243 млн, орындалуы 301,1 млн теңгеге жеткізіліп, 123,9 %құрады. 2024 жылдың 12 айында Сауран аудандық жер қатынастары бөлімімен жалпы саны 3611 бұйрық бекітілген болса, оның ішінде: 831 бұйрықпен бекітілуден бас тартылған.

2024 жылы Сауран ауданды әкімдігінің жанынан құрылған 35 жер комиссия отырысы өткізіліп, 1310 өтініш қаралып тиісті шешімдер қабылданған. 2024 жылы жалға алу келісім шарты негізінде 3266 шарт түзілген және Жер учаскесін жеке меншікке сатып алу келісім шарты 782 рәсімделінген. Биылғы жылы Түркістан қаласы және Сауран ауданы шекара (шегін) нақтылап бекіту жұмыстарын жүргізу жалғасады. Сауран ауданы аумағындағы 21 елді мекендердің шекараларын (шектерін) өзгерту және бөлгілеу жұмыстары жүргізіледі. Әр ауылдық округтердің елді мекен шекара аумағындағы жер учаскелеріне сауда-саттығын (аукциондарын) жүргізуді ұйымдастыру шаралары жалғасады. Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жер учаскелерін конкурстық негізде табыстау бойынша бірінші тоқсанда өткізу жұмыстары ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, Бабайқорған ауылдық округінде 38 лот жалпы алаңы 554,0 гектар, Үшқайық ауылдық округінде 7 лот жалпы алаңы 1203,0 гектар, Шаға ауылдық округінде 17 лот жалпы алаңы 300,0 гектар, Жүйнек ауылдық округінде 6 лот жалпы алаңы 90,0 гектар, Шорнақ ауылдық округінде 3 лот жалпы алаңы 77,0 гектар ойнатылуда. Мұның барлығы ашық та жариялы түрде жүргізілуде.

 Мен мақаламды Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы айтылған пікірімен қорытындылағым келеді.

«Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады.

 Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні – осы.

Тағы да қайталаймын: Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды.

Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шыға-тын Адал азамат болса, әділдік орнайды.

Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің перзенттік парызымыз»,-деген болатын.

Ендеше, жер қатынасына қатысты кешенді шаралар 2025 жылы жалғасын тауып, Сауран ауданы аумағындағы иесіз немесе заңсыз жерлерді пайдалануға тыйым салынып, тиісінше ортақ жайылымға және мемлекет меншігіне қайтару жүйелі жүргізі-леді. Бұл өз кезегінде халықтың билік орган-дарына сенімін нығайтып, нарықтық қаты-настың қалыптасуына ықпал ететін болады.

Асылбек ПАТСАЕВ,

Сауран аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы