Құрметті түркістандықтар!
Сіздерді көктемнің алғашқы күнімен қатар келетін 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – мейірімділік пен ризашылықтың, достық пен татулықтың жарқын мерекесі. Қазақстан – сан түрлі ұлт пен ұлыстың ортақ шаңырағына айналған ел. Еліміздегі әр этнос өкілі өздерінің ұлттық мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін сақтап, дамыту мүмкіндігіне ие. Мұның бәрі, ең алдымен, қазақ халқының кеңдігі мен бауырмалдығының, сондай-ақ Мемлекет басшысының бейбітшілік пен бірлікті сақтауға бағытталған сарабдал саясатының жемісі.
Өткен ғасырдың қиын кезеңдерінде елімізге түрлі этнос өкілдері жер аударылып, қиын тағдырды бастан өткерді. Сол уақытта қазақ халқы өздерінің барымен бөлісіп, тағдырлас жандарды бауырына басып, қолдау көрсетті. Бүгінгі таңда Қазақстандағы этнос өкілдері сол қиын шақтарда көрсетілген бауырмалдықты ұмытпай, қазақ халқына, тәуелсіз елімізге жүрекжарды алғысын білдіреді.
Сонымен қатар, биыл біз үшін маңызды жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы уақыт ішінде еліміздегі татулық пен ынтымақты сақтау жолында маңызды рөл атқарды. Бүгінде Ассамблея – Қазақстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың, түрлі этностардың арасындағы достықтың басты кепілі. Ол мәдениеттер мен ұлттардың үндестігін қамтамасыз етіп, елдің бірлігін нығайтуға зор үлес қосып келеді.
Біз әрқашан бірлікті, татулық пен сыйластықты ту етіп, болашаққа бірге қадам басуымыз керек. Елдегі ұлтаралық келісім мен ынтымақ – біздің ең басты байлығымыз. Осы орайда, қонақжай қазақ халқына, барлық отандастарымызға шынайы алғысымды білдіремін!
Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке және әр отбасына амандық тілеймін. Бірлігіміз арта берсін, татулығымыз мәңгілік болсын!
Нурия ЗАГИДУЛИНА,
Түркістан облыстық татар этно-мәдени бірлестігінің төрағасының орынбасары.