Мәдениет үйінде шаһарымыздағы ардагерлерді келе жатқан жаңа 2020 жылмен құттықтап, құрмет көрсету үшін салтанатты жиын өтті. Алдымен қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов жиылған қауымды мерекемен құттықтап, лебізін білдірді.

Қалада 700-ден аса ардагер болса, онда қазір де мүшелерді тарту бойынша жұмыстар жасалған. Нәтижесінде, бір апта ішінде 40-қа жуық адам мүшелікке өтеміз деген өтінішін білдірген. Жалпы, әрбір зейнет жасына жеткендердің бұл ұйымға мүшелікке өтуге құқы бар. Ж.Құлбайымбетов оларға “Ардагерлер ұйымының мүшесі” куәлігін табыс етті.

Сондай-ақ, “Ұлы Отан соғысы балалары” естелік медалімен де бірқатар ардагерлеріміз марапатталды. 1945 жылға дейін туылғандар соғысқа бармаса да тамақтан қысылды, арба жетектеді, көптеген қиыншылықтарды көрді. Осылайша қоғамға өз үлестерін қосты. Олардың құрамында аналар да бар.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, қарттарымыздың көңілі көтеріліп қалды.
“Түркістан-ақпарат”.