- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Осындай атпен тұңғыш дипломат Нәзір Төреқұлов музейінде Н.Төреқұлов атындағы әдеби бірлестіктің ұйымдастыруымен қазақтың белгілі ақын қызы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай еске алуға арналған әдеби-сазды кеш өтті.
Аталған шараға қаладағы №19, №26 жалпы орта мектептерінің оқушылары, ұстаз Оразкүл Абдулханова, ардагер ұстаз Төлтай Төлегенов, ақын Әйгерім Жұмабаева және әдебиет сүйер қауым қатысты.
Поэзия кешінде Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы айтылып, өлеңдері оқылды. Сондай-ақ, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Фариза қыз» өлеңіне жазылған сазгер Ә.Тінәлиевтың әні шырқалды.
Кеште сөз алған музей меңгерушісі Бақытжан Жорабеков поэзия кешінің маңызына тоқталып, бұл өз кезегінде таза шығармашылық рухани кеш болғанын жеткізді. Сонымен қатар ол әдеби кешке қатысқан барша жұртқа ризашылығын білдіре келе, белсенділік танытқан бірқатар оқушылар мен ұстаздарға алғыс хаттар табыс етті.