ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ЕСЕП БЕРДІ

389 көрілім

Түркістан облысының мәслихат депутаттары өздерінің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы халыққа есеп беру кездесулерін өткізуін жалғастыруда. Бұл жұмыстар «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен, партиялық фракция мүшелері мен аудандық мәслихаттар төрағаларының қатысуымен жүзеге асуда.

Жақында ғана өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары журналистермен кездесіп, өздерінің атқарып жатқан қызметтері мен көтерген бастамалары туралы толық ақпарат берді.

Брифинг барысында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Мағауия Тұрысбеков облыстық мәслихаттағы бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұ-мысына тоқталды. Оның айтуынша, биылғы жылы комиссияның 9 отырысы өтіп, 26 мәселе қаралған.

– Созақ ауданында сұйытылған газ тапшылығы үнемі сезіледі, өйткені аудан облыс орталығындағы газ құю станциясынан алыс орналасқан. Бұл мәселені шешу үшін сауал жолдап, ықпал жасадық. Сонымен қатар, Созақ ауылындағы №1 колледждің жанынан 200 орындық жатақхана құрылысын бастау үшін қажетті сметалық құжаттар дайындалған, бірақ мерзімінің өтуіне байланысты жұмыстар тоқтап қалды. Қазіргі таңда 120 орындық жатақхана жобасына қаржы бөлу үшін сұрау салдым – де   йді, Мағауия Тұрысбеков.

Мағауия Тұрысбеков атап өткеніндей, 2024 жылға арналған нақтыланған облыстық бюджет көлемі 6,2 миллиард теңгеге ұлғайып, жалпы 1 428,6 миллиард теңгені құраған. Бұл қаржының негізгі бөлігі денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер, ауыл шаруашылығы, ауыз су жүйелерінің құрылысы және инженерлік инфрақұрылымдарды жақсарту мақсаттарына бағытталды. Сонымен қатар, депутаттардың бақылауына алынған бірқатар маңызды жобалар, соның ішінде көпқабатты тұрғын үйлер мен табиғи газ жүйелерінің құрылысы сияқты бастамаларға қаржы бөлу көзделген.

Созақ ауданынан сайланған депутат Бегімбет Байғараев ауданындағы әлеуметтік маңызды жобаларға қатысты есеп берді. Оның айтуынша, биыл Созақ ауданында 21 нысанның құрылысына 6 808 миллион теңге бөлініп, бұл қаржы республикалық және облыстық бюджеттерден, сондай-ақ Ұлттық қордан қаржыландырылған. Бұл жобалардың барлығы әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызы бар, сондай-ақ өтпелі құрылыстарды аяқтауға бағытталған.

Ал Динара Егамбердиева Түлкібас ауданынан сайланған депутат ретінде халықпен байланыс орнату жұмысын жоғары бағалап, аудандық және облыстық партиялық алаңдарда 16 қоғамдық қабылдау өткізіп, 196 азаматтың өтініш-шағымдарын жеке бақылауға алғанын атап өтті. Оның айтуынша, көптеген мәселелер тиісті мемлекеттік органдармен бірге оң шешімін тапқан. Сонымен қатар, ол Шақпақ елді мекеніндегі сапалы интернет байланысы мәселесін көтеріп, оның шешілуі үшін қажетті қадамдарды қабылдайтынын айтты.

Мәслихат депутаттарының қоғамдық жұмыстарға белсене араласуы, атқарып жатқан істері мен болашаққа деген жоспарлары Түркістан облысының дамуына маңызды үлес қосуда.

«Түркістан-ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы