ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ БАСПАСӨЗ БРИФИНГІН ӨТКІЗДІ

399 көрілім

 «AMANAT» партиясының Түркістан өңірлік филиалында облыстық мәслихатта аталған партия атынан өкілдік ететін депутаттар мен аудан, қалалық мәслихаттар төрағаларының қатысуымен брифинг өтуде. Бүгін партиялық алаңға облыстық мәслихат депутаттары Алмас Салимов, Уәлихан Рахиев, Жәнібек Сүлейменов, Талғат Садуов, Жомарт Әбдібаев және Сарыағаш аудандық мәслихатының төрағасы Рысбек Асылбекұл атқарып жатқан жұмыстары мен бастамалары туралы баяндады.

Облыстық мәслихатқа Сарыағаш ауданынан сайланған депутаттардың атқарып жатқан жұмыстары туралы облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясы төрағасының орынбасары, облыстық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясының жетекшісі Алмас Салимов хабарлама жасады. Спикердің сөзінше, биыл өзі жетекшілік ететін тұрақты комиссияның 13 отырысы өтіп, 40-тан астам мәселе қаралған. Дәлірек айтсақ, депутаттық корпус облыстық денсаулық сақтау, мәдениет, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, бақылау, дін істері басқармаларының жұмыс есептерін тыңдаған. Сондай-ақ, Алмас Алтайұлы сайлауалды бағдарламалардың орындалуы жұмыстарына да тоқталды.

Ал облыстық мәслихатқа Кентау қаласынан сайланған Талғат Садуов  сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасындағы 66 индикатордың бүгінгі таңда 44-і орындалғанын атап өтті. Талғат Нұралыұлы әр сала бойынша орындалған индикаторларға тоқталды. Одан соң, Кентаудағы  ең үлкен негізгі мәселе жылу жайында, оның бүгінгі ахуалы, алдағы жұмыстары сараланды.  Сарыағаш аудандық мәслихатының төрағасы Рысбек Асылбекұлы Сарыағаш ауданындағы сегізінші шақырылымдағы  24  депутаттың 20-ы  «AMANAT» партиясынан екенін, депутаттардың барлығы ел өміріндегі өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысып, белсенді жұмыс атқарып жатқанын баяндады.

Жиын соңында БАҚ өкілдері Сарыағаш ауданынан облыстық мәслихатқа сайланған депутаттарға кеден бекеті маңындағы бейберекетсіздік төңірегінде, айналма жол және емдеу-сауықтыру орталықтарындағы кәріс жүйесіндегі өзекті жайттар мен Жібек жолы ауылындағы депутаттар тарапынан шешілген мәселелер және Жомарт Әбдібаевтің демеушілік істері төңірегіндегі сауалдарына тұшымды жауап алды.

«Түркістан-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы