- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА СЫЙЛЫҚ АЛҒАН ДА, БЕРГЕН ДЕ ЖАЗАЛАНАДЫ
Мемлекеттік қызметші немесе оған теңестірілген тұлғаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді және әдеп нормаларын сақтау, оның ішінде лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты сыйлық қабылдауға, ал жеке және заңды тұлғаларға сыйлық ұсыну заңнамамен тыйым салынады.
Қызметші білмей түскен немесе жария түрде берілген сыйлықтар алынған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде өтеусіз арнайы қорға, яғни ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшесіне немесе жергілікті атқарушы органдарға тапсырылуы тиіс.
7 күндік мерзімнің бұзылуы, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдау қылмыстық не әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін негіз болуы мүмкін.