КІШІ ФУТБОЛДАН ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

373 көрілім

Бүгін жәдігер қала төрінде Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығы аясында Түркістан облысының барлық деңгейдегі депутаттары арасында кіші футболдан облыстық біріншілік өтті. Дүбірлі сынды Түркістан облыстық мәслихаты ұйымдастырды.

Киелі шаһардағы «Астана» спорт кешенінде өтіп жатқан біріншіліктің деңгейі өте жоғары. Футбол бәсекесінің ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов қатысып, спортты серік еткен азаматтарға сәттілік тіледі.

Мәслихаттардың 30 жылдығын атап өту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы жарысқа облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппаратының қызметкерлерінен құралған 18 команда қатысты. Тартысқа толы өткен сайыс нәтижесінде Түркістан қаласының құрамасы 1-орынды иеленіп, жүлде қорына (1 миллион теңге) мен кубок табысталып, медальдар тағылды. Жүлделі 2-орынды Түркістан облысының құрамасы лайық деп танылып, жүлде қорына (500 000 теңге) ие болды. Ал 3-орын алған Арыс қаласының құрамасына 300000 теңге табысталып, кубокқа ие болды. Сондай-ақ 4-орын алған Қазығұрт құрамасы 200 000 теңге жүлде қорын жеңіп алды. Сонымен бірге үздік ойыншыларға бағалы сыйлықтар беріліп, құрмет көрсетілді.
Қасиетті қаланың тұрғындары атынан Түркістан қаласының халық қалаулыларын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Түркістан-ақпарат»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы