Мақатова Жансауле Алиевна,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының
академигі, Қазақ білім академиясының академигі,
Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар білім беру саласындағы басқару қызметінің мәні мен мазмұнын түбегейлі өзгертті, республиканың басқарушы кадрларының міндеттері мен функцияларын анағұрлым күрделендіруге ықпал етті. Білім беруді басқаруды жаңғырту, білім беру ұйымдарының дербестігін кеңейту жағдайында басқару персоналдарының кәсіптік құзыреттілігіне қойылатын талаптар да артты.
Қазіргі уақытта білім беруді дамытуға қойылған талаптар өзгерісі мен осы өзгерістер жағдайында басшылардың басқару ісіне дайындығының жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылық орын алуда. Бұл білім беру ұйымдары басшыларының кәсібилігі мен басқарушылық құзыреттілігін арттыру қажеттілігіне әкеледі.
Сондықтан қосымша кәсіптік білім беру жүйесі, әсіресе басшылардың біліктілігін арттыру аса маңызды мәнге ие болуда. Осы кезеңде білім беру саласындағы басшылардың кәсіби және жеке қасиеттеріне қойылатын жаңа талаптар мен жаңа тәсілдерді ескере отырып, педагог қызметкерлердің осы санатын оқытуды ұйымдастыру қажеттігі туындауда.
Бұл жүйе біздің ұлттық мәдениетіміздің ерекшеліктеріне, тұлғаның менталитетіне бейімделгендіктен, кәсіби жетекшінің қалыптасуы көбінесе оны дайындау және біліктілігін арттыру жүйесінің қаншалықты тиімді ұйымдастырылуымен анықталады.
Білім берудегі менеджмент білім беру ұйымдарының сыртқы ортадағы өзгерістеріне, білім беру қызметіне деген тұтынушылардың талаптарына динамикалық бейімделуіне бағытталуы тиіс, бұл білім беру ұйымдарының басшыларынан білім беруді басқару теориясы мен тәжірибесінің жетістіктерін қадағалауды, жұмыстың жаңа нысандары мен әдістерін, жаңа ұйымдастырушылық шешімдерді тұрақты іздестіруді талап етеді. Осының барлығы басқару кадрларын үздіксіз оқыту қажеттілігін анықтайды.
Білім беру ұйымы басшысының кәсіби құзыреттілігі – бұл басқарушылық білім, білік және тәжірибе, сондай-ақ көшбасшылық және шығармашылық бағыттағы кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттер кешені. Басқарудың жоғары шеберлігі осы нақты уақыт мезетіне және қалыптасқан жағдайларға арналған басқару қызметінің ең тиімді әдістерін таңдай білуден тұрады.
Басшыда кәсіби біліммен бірге, өзінің мінез-құлқын өзгерту арқылы кәсіби қызметтің тиімділігін арттыру, басқару қабілетін тұрақты дамытуға бейімділігі де ерекше маңызға ие. Бұл қабілеттерді бірден меңгере алмайсың, олардың ұлғайюы ұзақ уақыттар бойы, кезектесе орындалған оқу және практикалық іс-әрекеттер кезінде қалыптасуы мүмкін.
Кәсіби басшының қызметінде тәжірибе факторлары, қызметінде шығармашыл және оңтайлы шешімдер табу, кез келген өзгерістерге бейімделуі үлкен маңызға ие.
Біліктілікті арттыру – бұл кәсіби қызметті, кәсіби қарым-қатынасты, жеке қасиеттерді қайта қалыптастыру, кәсіби мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін, кәсіби ойлаудың жаңа амалдарын меңгеру, егер ол болса, теріс ұстанымдарды және өткен тәжірибенің тежейтін әсерін еңсеру, кәсіби қызметтің мотивациялық және операциялық саласын өзгерту, адамның өзінің біліктілікті арттыру субъектісі ретінде қалыптасуы.
Кез келген менеджер, шын мәнінде, кәсіби дамуды өмір бойы жалғастырады. Сондықтан, ББЖҚАРИ біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби шеберлігін арттыруда және кәсіби (негізгі, базалық және пәндік) құзыреттіліктерін дамытуда маңызды рөл атқарады, басқару персоналын қалыптастыру мен дамытудың маңызды факторларының бірі болып табылады.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «ҚР Бiлiм беpу жүйесiнiң басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкеpлеpiнiң бiлiктiлiгiн аpттыpатын pеспубликалық институты» педагогикалық кадрлардың үздіксіз білім беру жүйесінің басты буыны ретінде білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаңа форматтағы мұғалімдерді даярлау мақсатында инклюзивті білім беруді іске асыратын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында, жалпы білім беретін және шағын жинақты мектептерде, сондай-ақ жоғары білім беру жүйесінде (жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтары үшін) инновациялық білім беру кеңістігінің қазіргі заманғы моделін қалыптастыру үшін жаңа тәсілдерді іздеу және іске асыруға бағытталған. ББЖҚБАРИ қызметінің басты бағыты – білім берудегі инновацияларды ескере отырып, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруға ҚР БҒМ мемлекеттік тапсырысын орындау.
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «ҚР Бiлiм беpу жүйесiнiң басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкеpлеpiнiң бiлiктiлiгiн аpттыpатын pеспубликалық институты» БҒМ және «Өрлеу» БАҰО» АҚ бекіткен тәртіптеме негізінде тыңдаушыларды курстық даярлауды жүзеге асырады.
Оқу жұмысын жоспарлаудағы басым бағыт – педагогтың кәсіби дамуының жеке траекториясын анықтау, сондай-ақ курстық оқыту барысында конструктивтік өзгерістер енгізу, педагогикалық және ақпараттық технологияларды тереңдетіп оқыту үшін білім беру ресурстарын пайдалану, білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында басқару мәселелері бойынша жедел консультациялық көмек көрсету болып табылады.
Біліктілікті арттырудың қысқа мерзімді курстарында оқыту сапасын арттыру үшін, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының инновациялық әлеуетін күшейту үшін ББЖҚБАРИ профессорлық-оқытушылар құрамы мемлекеттік және орыс тілдерінде білім беру бағдарламаларын әзірлейді, олар ҚР БҒМ мен ҚР ӘМ-де бекітіледі.
Білім беру бағдарламаларының мазмұны Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық құжаттарына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды ескереді, сондай-ақ орта білім беру мазмұнын жаңарту және үштілділікті енгізу жағдайында тыңдаушылардың оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, заманауи басшының басқару және технологиялық құзыреттілігі бойынша өзекті мәселелерін көрсетеді.
Біліктілікті арттырудың жаңа үлгісі – халықаралық тәжірибені зерделеу мен енгізуге құрылған, бұл білім беру сапасын халықаралық салыстырмалы зерттеулер рейтингінен шыға отырып, шет елдердің инновациялық мектептері педагогтарының тәжірибесі зерделенетін ББЖҚБАРИ қызметінің басым бағыты болып табылады.
Әрбір курс Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айтылған міндеттерді іске асыру аясында білім беруді жаңғырту бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу үшін басқару мен инновациялар мәселелерін талқылау үшін диалог алаңына айналды.
Халықаралық ынтымақтастық саласында ББЖҚБАРИ-да білім беру саласындағы 11 шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық туралы шарттар бар: оның ішінде 2 – ТМД елдерімен, 9 – алыс шетелдермен: Ньюкасл университеті (Ұлыбритания), NILE университеті (Ұлыбритания), халықаралық менеджмент және технологиялар академиясы (Германия), Лиссабонның техникалық университеті (Португалия), Валенсия Политехникалық университеті (Испания), Цукуба университеті (Жапония), MSU Менеджмент Университеті (Малазия).
«Өрлеу» БАҰО»
АҚ басшылығы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру үдерісіне
озық халықаралық тәжірибелерді енгізуге, соның ішінде мектептегі зорлық-зомбылықтың
алдын алуға, балалар мен жасөспірімдер суицидінің алдын алуға және табиғи
апаттардың қауіп-қатерлерін азайту мәселелерін ендіруге баса назар аударады.
Білім беру саласындағы ББЖҚАРИ пен UNICEF БҰҰ Балалар қоры арасындағы табиғи апаттардың қауіп-қатерін азайту бойынша өзара түсіністік туралы екі жақты Меморандумға сәйкес, Институтта «Білім беру ұйымдарына апатты жағдайлардың алдын алуға дайындық әдістемелерін енгізу және олардың қаупін төмендету бойынша қолдау көрсету» және «Мектептертегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және әрекет ету» атты 2 жоба іске асырылды. Жобалар республиканың алты өңірінің пилоттық жалпы білім беретін мектептері мен балабақшаларында: Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында шоғырланған.
Бұл орайда «Мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және әрекет ету» жобасы Шығыс Қазақстан облысының 7 орта мектебі базасында өңделіп, оң нәтиже көрсетті. Қазіргі уақытта мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі бағдарлама Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кеңінен таратылуда, демек бұл жобаның маңыздылығын көрсетеді. Бұл жұмысқа «Өрлеу» БАҰО» АҚ осы облыстағы филиалдары да белсенді қатысуда.
Алматы қаласында 2017 жылғы 20 сәуірде UNICEF БҰҰ Балалар қоры мен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың қауіп-қатерін азайту орталығы бірлесе отырып қорытынды конференция өткізілді. Конференцияға ҚР ІІМ ТЖК, Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ, білім басқармалары, пилоттық облыстардың мектептері, балабақшалары, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты. Конференция жұмысына ересектерден басқа, жоғары сынып оқушылары – апаттар қаупін азайту бойынша волонтерлер қатысты, олар кіші оқушылармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
Бүгінгі күні мектептер өздерінің жұмыс жүйесіне кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық қылмыстарының алдын алудың негізгі құрамдас бөлігі ретінде зорлық-зомбылық педагогикасын ендіруі тиіс және бала үшін әлеуметтік және психологиялық тұрақтылық орнына айналуы керек.
Сонымен қатар, республиканың мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының барлық педагогтары осы бағыттағы жұмысқа дайын болуы тиіс. Қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, оның қатысушыларының психикалық денсаулығын сақтау және қолдау мәселелері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін үнемі арттыру қажет.
Осы мақсатпен ББЖҚБАРИ оқытушылары білім беру мазмұнын жаңарту аясында тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларына, балабақшалардың меңгерушілері мен әдіскерлеріне, педагог-психологтарға арналған педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың 7 білім беру бағдарламасын: «Қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу», «Мектептегі кәмелетке толмағандардың девиантты және делинквенттік мінез-құлқының алдын алу», «Мектепке дейінгі ұйымдарда апатты жағдайлар қаупін төмендету» және т. б. әзірленді және іске асырылуда.
Бұдан басқа, ББЖҚБАРИ-тағы біліктілікті арттырудың жоспарлы курстары шеңберінде жыл сайын республикалық семинар-тренингтер өткізіліп отырылады, онда тек білім берілумен шектеліп қалмай, профилактикалық жұмыстың практикалық дағдылары пысықталады, Қазақстанның әр өңірінен келген педагогтар арасында жинақталған тәжірибе алмасады.
Халықаралық бағдарламаларды сынақтан өткізу қазақстандық мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, табиғи апаттар қаупін азайтудың перспективті түрлері мен әдістерін анықтауға мүмкіндік берді.
Ең алдымен, білім беру ұйымдарының басшылары осы бағдарламаларға бейілділігін көрсетсе, бүкіл ұжымды жұмылдырса, олардың іске асырылу барысына бақылау мен бақылауды қамтамасыз етсе, бұл жұмыс тиімді болатыны белгілі болды.
Әрине, балалардың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету – білім беру жүйесінің маңызды міндеті. Біздің балалар өмірге бақытты болу үшін келеді. Ал ересектердің міндеті – еліміздің болашағы осы өскелең ұрпақтың табысты дамуы үшін барлық жағдай жасау.
Сонымен қатар, EdNet Agency (Бішкек, ҚР) аккредиттеу агенттігімен және Еуропалық педагогтар, медиктер, психологтар қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
ББЖҚБАРИ қазақстандық және шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен: Thomson Reuters, Elsevier, British Council белсенді ынтымақтастықта жұмыстануда, үздік педагогикалық және әлемдік тәжірибені тарату мақсатында әлемнің алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, білім беру үдерісіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізуге оқытушыларды ынталандыру бойынша онлайн-семинарларды ұйымдастыру жүргізілуде.
Белгіленген ынтымақтастық шеңберінде шетелдік білім беру ұйымдарымен республикалық және халықаралық іс-шараларға (халықаралық тренингтер, вебинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар, жобалар) он-лайн қатысу нысанында бірлескен қызмет жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, институтта өткізілетін халықаралық және республикалық деңгейдегі курсаралық іс-шаралар: білім берудің өзекті мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер педагогтердің кәсіби өсуіне үлкен ықпал етеді. Дамудың жаңа кезеңінде ББЖ ББАРИ алдында жауапты міндеттер тұр – институттың қызметін және біліктілікті арттырудың барлық жүйесін жан-жақты жетілдіру, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары басшыларының жаңаша ойлауын қалыптастыруға бағытталған инновациялық білім беру бағдарламаларын құру.