- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан облысында «Түркі әлеміндегі 100 жаңа есім жобасы және түрколог ғалымдардың Түркістан атауына қатысты ғылыми ізденістері мен идеялық концепциясы» жобасының аясында «Түркістан тұлғасы» деп аталатын ғылыми еңбек жарық көрді. Кітаптың таныстырылымы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың кітапханасында өтті.
Ғылыми ізденіс қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде әзірленген. 2019 жылы Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі отырысы кезінде Түркі әлемінің Жоғары ордені табысталған болатын.

Осыған орай, А.Жалмырза, Б.Ғабдулина, Қ.Жанпейісова секілді ғылым өкілдері мен түрколог мамандар бірлесе жазған еңбек – өзінің ғылыми ізденістерімен және түрлі дереккөздерді пайдаланғанымен құнды. Мнография түрінде жазылған ғылыми басылым оқушылар мен студенттерге және ғалымдарға, көпшілік оқырман қауымға арналған.

Таныстырылым барысында авторлар оқырман қауыммен еркін пікір алмасып, Түркістанның тарихи маңызына тоқталды. Елбасының бастамасымен жаңа дәуірі басталған Түркістан бүгінде көркейіп келеді.
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі