Жол-көлік оқиғаларының алдын алу

692 көрілім

Жол-көлік оқиғалары– көлік құралдарының жолмен жүру кезінде және оның қатысуымен пайда болған, адамдар  қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлік құралдарымен , құрылыстарға зиян келтірілген оқиға.

Жол-көлік  оқиғасына  көліктің жүргізушілері, жаяу жүргіншілер  (ересектер мен балалар) жолаушылар, жөндеушілер, велосипед, мопед, самокат  айдаушылар ұшырауы мүмкін.

Қазіргі таңда қалада көліктердің саны күн санап артып келуде. Автокөлік қоғамда өзіндік орны бар мүлікке айналып, жол қозғалысының ажырамас бір бөлігін құрайды. Дегенмен жол қозғалыс оқиғасы өздігінен туындамайды.Ол қозғалыс ережелерінің қандайда бір талаптарын сақтамағандықтан болады.

Жол қозғалысы ережелері жүргізушіге оның жолдағы барлық әрекеттері үшін жауапкершілік  жүктейді.

Жол бөлігіне кенеттен шығу, жақын маңдағы көлік қозғалысының алдынан өту, жол бойында немесе оның жанында ойнау, белгіленбеген жерден оту, тыйым салатын бағдаршам сигналына  ауысу жол-көлік оқиғасының себептерінің бірі болуы мүмкін. Жол-көлік оқиғалар фактілерінде көптеген   адамдардың өмірі, тағдыры және денсаулығы  тұрады,ең қорқыныштысы  жол-көлік оқиғалары кезінде балалардың қаза болуы немесе жарақаттануы. Бұл оқиғалардың алдын алудың бірден бір  жолы-  ең жас жаяу жүргіншілер, балаларды жол қозғалыс ережелерінне дұрыс  дайындау және үйрету болып табылады.

Жолдар мен көшелерде  көлік және жаяу жүргіншілердің қауіпсіз  қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдарды жөндеу, жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін арттыру, жол белгілерін орнату, жол таңбаларымен жаяу жүргінші жолақтарын сызу, жолдарға жарықтандыру шамдарын орнату  және аяқжолдар салу қажет. Оған қоса қала тұрғындарынан жол қозғалысы ережелерін бұзылуына жол бермеу,оның ішінде жолаушы тасымалымен  айналысатын автобус және такси жүргізушілерінен талапқа сай ережені сақтауы талап етіледі.

Жол қозғалысына қатысты әр деректің артында адам тағдыры  тұрғанын ұмытпайық!

Түркістан қалалық емханасы Бірлік бөлімшесінің

жалпы тәжірибелі дәрігері Омарова Сабохат Исамиддиновна

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы