Жеке кәсіпкер өзі үшін МӘМС жарнасына қанша төлейді?

1 477 көрілім

– Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының (Бұдан әрі – МӘМС туралы Заң) 14-бабының 2-тармағына сәйкес, МӘМС жарнасын төлеушілерге жеке тұлғалар, оның ішінде жалдамалы жұмысшылар, азаматтық-құқықтық шарт жасасқан жұмысшылар және жеке кәсіпкерлер жатады.

МӘМС туралы Заңның 28-бабы, 3 және 5-тармақтарына сәйкес, жеке кәсіпкерлердің жарналары 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1,4 еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінің 5% ретінде белгіленеді. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап жеке кәсіпкер жарнасының мөлшері 5950 теңгені құрайды. (85 000*1,4) *5% = 5 950 теңге. Жеке кәсіпкер басқа әлеуметтік аударымдар мен салықтармен қатар, жарналарды есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ай сайын төлейді.

Егер салық есептерін беруді тоқтатқан немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сай әрекетсіз деп танылған жеке кәсіпкерлер МӘМС жүйесіне жарна төлемейді. Ескеретіні, жеке кәсіпкер салық есептерін беруді тоқтатпаса, оның табысының мөлшеріне қарамастан жарнаны төлейді.

Жеке кәсіпкер өзі үшін МӘМС жарнасын екінші деңгейлі банктердің кез келген бөлімшесінде, соның ішінде мобильді қосымшасы арқылы, сонымен қатар, «Қазпошта» АҚ, Касса 24 және Qiwi кошелек өзіне өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы төлей алады. Төлем жасау коды (ТЖК) – 122. Жарнаны ай сайын немесе аванс ретінде, алдын ала ұзақ мерзімге төлеуге болады. Қаржының түсуін 2-3 күн ішінде міндетті түрде тексеріңіз. Себебі, төлеушінің аты-жөні немесе ЖСН, төлем сомасы қате көрсетілсе, төлем кері қайтарылуы мүмкін.

Қаржы кері қайтарылмауы үшін төлем аударушының аты-жөні мен ЖСН нөмірін дұрыс көрсету керек.Қаржы кері қайтарылғанын немесе дұрыс түскенін 2-3 күн ішінде міндетті түрде тексеру қажет. Егер қаржы кері қайтарылса, дұрыс мәлімет көрсетіп, қайтадан төлеу керек.Есептік кезеңнен кешіктірмей салық органдарына есеп әзірлеп, тапсыру қажет. Жұмыскерлерге МӘМС жарнасы аударылғаны туралы хабарлауы керек.

Егер жалдамалы жұмысшының  жеке кәсібі болса,  МӘМС жарнасын төлейді.

– Жеке кәсіпкер жұмыс беруші ретінде медициналық сақтандыруға қанша төлейді?

– Егер жеке кәсіпкердің жалдамалы қызметкер болса, онда жұмыс беруші ретінде төлемдердің уақытылы жүргізілуіне жауап береді.

Аударымдар (жұмыс беруші қаражаты есебінен) – қызметкерлердің жалақысының 3% мөлшерінде, бірақ 25 мың теңгеден аспайды.

Жарналар (қызметкердің жалақысынан) – қызметкерлердің жалақысынан 2% мөлшерінде ұсталады, бірақ 17 мың теңгеден аспайды.

«Авиценна-А» емханасының

бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі

орынбасары М.Раджанова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы