ЖЕЛТОҚСАН – ЕГЕМЕНДІК ШЕЖІРЕСІ

1  143 көрілім

Түркістан қаласының «Балбөбек» бөбекжай бала-бақшасында айбынды мерекеміз Тәуелсіздігімізге 28 жыл толуына орай «Желтоқсан – Тәуелсіздік шежіресі» атты ертеңгілік өтті. Бала-бақша бүлдіршіндері ең алдымен Әнұранымызды шырқап, одан әрі тақпақтары мен әндерін айтып, мың бұрала билерін арнады. Ал, бала-бақшамыздың психологы Айгерім Шерматова Тәуелсіздік туралы бүлдіршіндерге баяндама оқыса, ағылшын пәнінің жетекшісі Алтын Хасанова апайымыз балапандарымызбен көрініс ұйымдастырды. Келген ата-аналарымыздың көздеріне жас келіп, балалары кішкентай болса да «осындай көріністі ойнап шықты» деп, одан сайын қуаныштарын жеткізіп,«Балбөбек» бала-бақшасын басқарып отырған Алма Оразбековаға мен барша педагог қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.

Қорыта келе, бала-бақша қызметкерлеріне бала жанын, білімін, өмірге деген қадамына қосар үлесінде шаршамаңыздар, талмаңыздар, тек қана биіктен көріне беріңіздер деген тілегімді білдіргім келеді.

Ержан ӨМІРЗАҚ,

«Балбөбек» бөбекжай бала-бақшасының саз жетекшісі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы