НҰР ЖАУЫП ТҰРҒАН КӨКТЕМДЕ АҒАШ ЕКТІК

733 көрілім

Түркістан қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері Ахмет Ясауи мешітінің ауласына ағаш отырғызды. «Жасыл Түркістан» мекемесімен бірлескен игі іске кеңес мүшелері белсенділігін танытты. Ұйым басшысы М. Атанбаев өз сөзінде «туған мекенімізді гүлдендіруге, оның өсіп-өркендеуіне Қоғамдық кеңес мүшелерінің үлес қосуы заңдылық дейтін болсақ, соның ішінде бүгінгі шара біздің қызметімізді іске асыруға деген әрекеттеріміздің бір көрінісі деуге болады», – деген ойын жеткізді. Бұл ретте кеңес мүшелері аталған бастаманы қолдайтындықтарын іспен көрсетті. Осылайша нұр жауып тұрған көктемде ағаш отырғызып, сауапты іске мұрындық болып қайттық.

М.ӘЛМАХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы