БЕЛАРУСЬ МАМАНДАРЫМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

285 көрілім

Түркістан облыстық балалар ауруханасының кардиохиругтері Беларусь мемлекетінен келген мамандармен бірлесіп, жүрек ахауының күрделі түрімен ауыратын балаларға ота жасады. Дәрігерлер жаңа әдісті қолдана отырып, 6 балаға операцияны сәтті жасап шықты.

Шетелдік мамандардың қатысуымен өткізіліп жатқан шеберлік сыныбы 26-30 наурыз аралығында облыстық балалар ауруханасының базасында өтті. Игі шараны «MUMKINDIK» жобасы аясында «BI Group-JULDIZAI» корпоративтік қайырымдылық қоры ұйымдастырған. Беларусь мемлекетіндегі республикалық балалар хирургиясы ғылыми-практикалық орталығындағы Балалар кардиохирургиясы бөлімінің басшысы Линник Юрий, анестезиолог-реаниматолог Назарова Виктория, анестезиолог- реаниматолог Князев Кирил есімді мүшелерден құралған балалар кардиохирургиялық бригадасының қатысуымен балалар ауруханасында тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.

Шеберлік сыныбы аясында жүрек ахауына шалдыққан балаларға күрделі оталар жасаудан бөлек, одан кейінгі кезеңде анестезия және пациенттерді басқару ерекшеліктері бойынша жергілікті дәрігерлер тәжірибе жинақтап, жасанды қан айналымын және эхокардиография жүргізу бойынша кәсіби біліктіліктерін шыңдады.

Айта кетейік, облыстық балалар ауруханасы елімізде кардиохирургия қызметі бойынша медициналық қызмет көрсететін жетекші орталық. Ауруханада 18 төсектік балалар кардиохирургиялық бөлімшесі жұмыс істеп, жүрек ахауына шалдыққан балаларға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. 2014 жылдан бері өңірде балалар кардиохирургиясы ашылған сәттен бастап ауруханада 2864-тен астам ота жасалған.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы