ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ПАРКТЕР ШЕРУІ» АТТЫ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

373 көрілім

Көктемгі маусымда табиғат қорғау саласындағы заң бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында Түркістан облысында «Парктер шеруі» акциясы өткізіледі. Бұл туралы «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі (МӨТП) ғылыми қызметкері Ғани Назарбек Саттарбекұлы брифингте мәлімдеді.

Парктер шеруі – халықаралық деңгейде жыл сайын табиғатты қорғау мақсатында өткізілетін акция. «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі құрылғанына биыл 11 жыл. Осы жылдары аталған акцияны тоқтатпай атап жүргізіп келеді.

2024 жылы «Парктер шеруі» акциясының ашылуы Отырар ауданы, Көксарай елді мекенінде бастау алады. Аталған акция аясында «Парктер тынысы» фото көрмесі, «Сырдың көркі тораңғы», «Қазақстан қызғалдақтар отаны» атты 3 іс-шара өткізіледі. Сондай-ақ, брифингте қызғалдақтардың жартысынан астамы сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлері жайлы айтылды.

  • Қазақстанда қызғалдақтың 40 жуық түрі өседі. Қызғалдақтардың жұлу фактілерінің болдырмау мақсатында алдын-алу жұмыстары басталды. Қызғалдақтың сирек түрін жұлған жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша тергеу амалдары жүріп, 3000 айлық көрсеткіштік айыппұл салынады, деп мәлімдеді «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің маманы Жұмабай Өскенбайұлы.

Сонымен қатар брифингте парк қызметкері Ғани Назарбек күн жылысымен балықтың уылдырық шашу кезеңінің басталуына орай, балық аулауға тыйым салу жұмыстары басталатыны жөнінде айтты:

– Қазіргі таңда көктемнің басталуымен балық аулаушылардың қатары көбейеді. Біреу балықты бас пайдасы үшін ауласа, енді бірі әуесқойлықпен суға қармақ салады. Дегенмен, балықты заңсыз аулаудың зардабы көп екенін екінің бірі ескере бермейді. Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі Арыс және Сырдария өзендерінде 5 сәуір мен 31 мамыр аралығында балық аулауға тыйым салынады. Себебі, бұл уақытта балықтар уылдырық шашады. Аталған өзендерде «Қызыл кітапқа» енгізілген балық түрлерінің бар екенін ескерсек, заңды бұзғандарға жауапкершілік те қатаң болмақ,-деді Ғани Назарбек Саттарбекұлы.

Брифинг соңында парк қызметкерлері көктемгі маусым аясында өңірдегі табиғат жауһарларын қорғау облыс тұрғындарының да басты назарында болу керек екенін айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы