Түркістанда қала әкімдігінің бастамасымен “Ясауитану” пәнін енгізу мақсатында “Ясауи мұрасындағы құндылық” атты ғылыми конференция өтті.
Конференцияның мақсаты бабамыздың мұрасын мектеп бағдарламасында III кезеңге бөліп оқыту арқылы бастауыш сыныптан жоғарғы сыныпқа дейін қамтып, сол арқылы оқушыны ұлттық құндылыққа, салт-дәстүрге және де адами құндылықтарға бойын үйретуді қамтиды.
Жиынға облыстық Білім беруді дамыту орталығының директоры Бақытжан Төлімбет, қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы, қалалық Білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова, философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетаев пен ясауитанушы ғалымдар қатысты.
Ясауи бабамыздың 930 жылдығына орай өткен жиында оның өмір жолы мен шығармашылығы туралы айтылды.
Ясауитанушы ғалымдар ойшыл ақын жайлы мақалаларын оқыды.
Сонымен бірге, іс-шарада «Ясауитану» пәні мектеп бағдарламасында оқыту әдістемесі және сол әдістемеге көмекші құралдар да көпшілікке ұсынылды.
Басқосу соңында “Ясауитану” пәнін облыс орталығы мектептерінде пән ретінде оқыту туралы ұсыныстар қаралды.
