ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕГЕМЕН ЕЛ

1  484 көрілім

Бүгін Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің мәдениет сарайында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік кеш өтті. Онда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қала тұрғындары мен қонақтарын мерейлі де мәртебелі мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді:


“Құрметті Түркістан жұртшылығы, сіздерді еліміз үшін елеулі, айбынды күн – Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ата-бабаларымыздың төккен терімен, майдандағы аққан қанының өтеуі – бүгінгі Тәуелсіздік. Қаншама қилы кезеңдерді бастан кешіп, болашақ ұрпағына бейбіт күнді сый еткен бабаларымыздың аманатына адалдық таныту біздің ең үлкен міндетіміз. Биыл біз тұғырлы Тәуелсіздіктің 28 жылдығын толағай жетістіктермен қарсы алып отырмыз. Осы жылдар ішінде еліміз қарқынды даму жолына түскен, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналды. Енді біздің алдымызда Түркістанның туристік, рухани және мәдени әлеуетін арттыру міндеті тұр. Ендеше, бірлікті ту етіп, кемел келешегімізді бірге қалыптастырайық”, – деген құттықтауын жолдады. Сонымен қатар, өңір басшысы аймақтың түлеуіне еңбегі сіңген бірқатар азаматтарға ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті.


Сондай-ақ, салтанатты кеш аясында өңірдің белгілі журналистеріне пәтер кілтін облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов табыс етті. Жиын одан әрі Республикамызға танымал өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасы мен достық биімен жалғасын тапты.
Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН,
“Түркістан”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы