- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қазіргі ұрпақ бақытты ұрпақ. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында қан төгіссіз, ашық аспан астында тәуелсіздікке 1991 жылы қол жеткіздік. Қол жеткізіп қана қойған жоқпыз, еліміз аяғынан нық тұрып, дүние жүзін толығымен мойындатты.
1990 жылы өткен Қазақ ССР-нің Президентінің сайлауы Алаш жұртының тағдырына түбегейлі өзгеріс енгізді десек қателеспейміз. Осы сайлауда жеңіске жеткен сол кездегі министрлер кабинетінің төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бес ғасырға жуық аңсап, жете алмай келген еркіндікті өз еліне сыйлады. Яғни, 1991 жылы 25 қазанда Егемендік туралы декларация қабылданса, сол жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Әлем картасында Тәуелсіз ел ретінде орын алған болатын.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың арқасында ел тыныштығын, қоғам тұрақтылығын, ұлттар арасындағы келісімді сақтап келеміз. Біріккен Ұлттар Ұйымының өзі Қазақстанды мекен еткен сан алуан халықтар өкілдерінің жарастығын әлем елдеріне өнеге ретінде ұсынуда. Тарих үшін аз ғана тәуелсіздігін алған Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды, құрметті де беделді мүшесіне айналып, 2010 жылы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебесін үлкен абыроймен атқарды.
Ел экономикасының 2050 жылға дейінгі дамуын қамтамасыз ететін бағдарлама қабылдап, түбегейлі экономикалық реформалар жүзеге асырылып келеді. Бүгін біз еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы мақтанышпен айтамыз. Экономикалық, әлеуметтік дамудың негізгі көрсеткіштері мен халықтың тұрмыс деңгейі бойынша Қазақстан бүгінде ТМД елдері арасында көшбасшылық орында тұр және жоғары қарқынмен дамуын жалғастырып келеді.
Осының бәрі сол ел тәуелсіздігінен бастау алып, қажырлы еңбек пен тиімді саясаттың арқасында қол жеткен дүние. Сол үшін де бүгінгі мерекенің мәні мен маңызы ерекше.
Айгүл ТІЛЕПОВА,
қалалық мәслихат депутаты.