ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ

256 көрілім

Түркістан облысында атқарылған жұмыстар нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5 %-ға төмендеген. 2023 жылы жалпы 129,5 мың адамды жұмыспен қамту шараларына жолдау жоспарланып, нақты 160,5 мың адам жұмыспен қамтылды. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты 5 бағытта жүргізілуде.

Осы және халықтық жұмыспен қамту саласындағы өзекті мәселелер мен жұмыспен қамту саласындағы өткен жылғы атқарылған жұмыстар мен биылғы жылғы міндеттер облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланды.

Жиналыста облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Құралова баяндама жасады. Оның айтуынша, 2024 жылы жастарға 3,1 млрд.теңгеге шағын несие беру көзделуде. Бүгінгі таңда ҚР Қаржы мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерімен облыс арасында үш жақты келісімшарт түзіліп жатыр. Биыл шағын несие алушылар бизнес-жоспарларын өндіріс орындарын ашу бағытына назар аударылмақ.

Сонымен қатар өткен жылы жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруды қолдау мақсатында 2,3 млрд. теңге қаржы қаралып, облыс көлемінде 1 688 азаматқа мемлекеттік грант қаражаты ұсынылды. Грант иегерлері қаражаттарын өндіріс саласы, техникалық қызмет көрсету, мал, құс қаруашылығы, көкөніс өнімдері, қол өнер бұйымдары, тамақ өндірісі салаларына бағыттап, өз кәсіптерін ашты. Ал биыл 2 мыңға жуық азаматқа мемлекеттік грант қаражатын ұсыну жоспарланып отыр. Биыл пилоттық жоба аясында Келес, Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай аудандары мен Арыс, Түркістан қалалары ендіріліп, балық шаруашылығы, құс шаруашылығы, көкөніс өсіру мен қолөнер өнімдерін өндіру бағытында бірігіп өз кәсіптерін ашу көзделуде.

Биыл облыс бойынша жеке инвесторлар есебінен 64 жоба (аясында 668 жаңа жұмыс орны ашылуы көзделуде. Нәтижесінде, мемлекеттен қаржыландырылатын жобалар аясында 66 179 жұмыс орны немесе 62 пайызы үлесінде. Жеке инвест жобалар, несиелендіру және жеке кәсіпкер тарапынан ашылатын жұмыс орындар 41 115 орынды немесе 38 пайызды құрайды. Оның барлығы тұрақты жұмыс орындары.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тарапынан халықты жұмыспен қамту, жастарды шағын несиелеу жұмыстарын ұйымдастыру, аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік жағынан қолдау көрсету, мүгедектігі бар адамдардың арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылуы және де саладағы өзге де мәселелерді шешу жөнінде тапсырмалар берілді.

Солтүстік өңірлерге халықты қоныс аудару жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Түркістан облысынан жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 3 563 отбасы 10 570 адам қоныс аударды. Биыл жұмыс күші артық өңірлерден Солтүстікке қоныс аударуға ниетті азаматтар үшін 7 мыңнан астам квота бөлініп отыр.

Облыста 2023 жылы 157,7 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алды. Өткен жылдың қорытындысымен облыста 27 мың аз қамтылған отбасыларға 12,1 млрд.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл 15,2 млрд. теңгеге АӘК-мен қамтамасыз ету жоспарланып, оның 12,2 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен бөлінді.

Отырыста мемлекеттен көмекті заңсыз жолмен алушылардың да азаймай отырғаны айтылды. Оларды анықтау мақсатында құзырлы органдармен арнайы шаралар жүргізілетін болады.

Бүгінгі таңда 1 мыңға жуық мүгедектігі бар адамдарға бес мезгіл тамақтандыру жүргізілуде. Одан бөлек, жекеше әріптеспен тамақтандырудың барлық кезендерін бақылауға мүмкіндік беретін авторлық құқық зияткерлік меншік «Е-асхана» онлайн бейнебақылау бағдарламасы іске қосылған.

Осы орайда өңір тұрғындарына жұмыссыздық және оның шығу салдары тақырыбында арнайы ақпараттық мақаламызды ұсынамыз.

Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Кез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады. Жұмыссыздық – барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы – ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының санына тең болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы оң құбылыс болып есептеледі. Егер жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орнынан асып түссе‚ онда жұмыс күші рыногының тең болмағаны. Екінші жағынан‚ жиынтық сұраным молайған жағдайда жұмыс күшінің “жетіспеушілігі” сезіледі‚ яғни бос жұмыс орындарының саны жұмысқа мұқтаждардың санынан асып түседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде бұрынғы тиімсіз кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын уақытша тоқтатып, жабылуына, банкротқа ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына байланысты жұмыссыздық құбылысы байқалды. 2000 жылы елдегі жұмыссыздар саны 1997 жылғы деңгеймен салыстырғанда біршама (0,2%-ке) төмендеді. Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформалар барысында жаңа жұмыс орындары ашылуына, ішкі, сыртқы инвестициялар көмегімен, бірқатар өндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылығының жандануына орай, ауылды қайта өркендетудің 3 жылдық бағдарламасына  байланысты жұмыссыздық деңгейі де біртіндеп табиғи деңгейге түсе бастады. 

Қазіргі таңда біздің елімізде жұмыссыздықты жою мақсатында көптеген мәселелер қарастырылып жатыр. Елімізде жұмыссыздық мәселесі көбінесе жастардың әлеуметтік әл-ауқатына ерекше әсер ететін мәселелердің бірі. Себебі, Қазақстанның болашағы –жастардың қолында! Жастар – ел болашағы. Ал, болашақ бағдарсыз болмайды. Баршамызды толғандыратын сұрақ жастардың әлеуметтік сипаттағы мәселелері, яғни ол жұмыссыздық мәселесі, тұрғын үймен қамту, жас буын арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру екендігі мәлім. Концепцияда басты назарға осы басымдықтар алынды. Нақтылап айтсам, «Дипломмен – ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Қолжетімді баспана», «Мемлекеттік кадрлар резерві» деген бағдарламалар.   Егер де жастар, яғни біз, осындай мемлекет тарапынан жасалып жатқан игі істерден қалыс қалмай, жалқауланбай, белсенділік танытсақ, әрине бізге берері өте көп. Мәселе мүлде жоқ деп айтуға келмейді, бірақ ол бірте-бірте шешілетін мәселе. Себебі, қазіргі таңда Қазақстанда жас мөлшері 14-тен 29-ға дейінгі адамдар жастар қатарына жатқызылады. Бүгінгі таңда жастар еліміздің халқының 30% құрап, қоғамның маңызды бөлігі болып табылады. 14-29 жас аралығындағы әрбір қазақстандық жас бала өмірінің маңызды бөлігін жұмыспен қамтылу мәселесі құрайды. Жоғарыда айтылып өткендей, өздерінің жас мөлшеріне байланысты жас адамдар қандай да бір салада үлкен тәжірибеге ие болмағанымен, ірі көлемді инновациялық және шығармашылық мүмкіндіктер, сондай-ақ жемісті еңбек етуге деген айрықша құлшынысқа ие. Бұл жерден көріп отырғанымыздай, мемлекет тарапынан бізге барлық жағдай жасалынып жатыр. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. Қазіргі таңда Елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалған. Нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден-бір куәгері болмақ. Біздің міндетіміз — білім жолына салынып, түзу жолдан таймай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстау. Және жақсы білім алып, білікті маман болу тек біздің қолымызда! Себебі, ертеңгі күні біз білікті де білімді маман иесі болып шықсақ, еліміздегі жұмыссыздықтың азаюына себепкер боламыз. Бұл – еліміз үшін үлкен мәртебе!

«Жастар-болашаққа апаратын алтын көпір»,- дейді дана халқымыз. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік- эканомикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық – саяси өмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық- саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз. Әрбір қазақ жастары өздерін  ұлтжандымын деп ұғынып,өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің  бейбітшілік  аспанында  қазақ жастары  тәуелсіз елдің  айқын  мақсаттарымен  жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймыз. Ел сенімін, үмітін ақтау-жастардың  қолында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы