Қаламыздағы Түркістен жоғары медицина колледжінде Түркістан облысы бойынша «Дәстүрлі құндылықтар керуені» атты көшпелі іс-шарасы мәреге жетіп, қорытыланды. Шараға облыстық терроризмге қарсы комиссиясының өкілдері, дін саласы бойынша ақпараттық-насихаттық топтарының мүшелері, облыстық ақсақалдар және қалалық қоғамдық келісім кеңесі, қалалық ардагерлер, әйелдер кеңесі, білім бөліміне қарасты мектептердегі «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, мешіт имамдары, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиынды қала әкімінің орынбасары М.Базарқұлов ашып, облыс әкімдігі жанынан терроризимге қарсы комиссиялардың іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес, 2018-2019 жылдарға арналған терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу саласындағы бағдарламалық құжаттардың іске асыру іс-шаралар жоспары бекітілгенін жеткізді. Сонымен қатар, іс-шараның мақсатына тоқталып, қала тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жасақтарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлық ұстанымы бойынша қала тұрғындарын ақпараттандыру бағытын сөз етті.

Ашық сұхбат алаңында өткен шарада Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Халық шағырмашылығы орталығының» бөлім басшысы А.Қыдырбаева, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директорының міндетін уақытша атқарушы М.Халықов, атылмыш басқарманың «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің маманы Б.Ботақараев, қалалық әйелдер кеңесінің мүшесі Г.Тоққұлова аталған тақырып аясында өз ойларын ортаға салып, жастардың сұрақтарына толымды жауаптар қайтарды .
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.