ӨНЕРТАПҚЫШ ОҚУШЫЛАР КӨПТІ ТӘНТІ ЕТТІ

1  546 көрілім

Қаламыздағы Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясында «Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ» тақырыбында ата-аналар конференциясы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары М.Базарқұлов, «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Темірбаевтар арнайы келіп, ойларын білдірді.

Алдымен қонақтар «Тәуелсіздік – таң нұры» бастауыш сынып оқушыларының қолөнер көрмесі, «Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» өнертапқыш балалардың көрмесі, «Таланттар университеті» тақырыбында «Абайтану» үйірмесінің таныстырылымы және өзге де бірқатар көрмелерді тамашалап, ғылыми жобалар мен жас ғалымдардың тың дүниелерімен танысты. Онда газдалған сусындар, майлы тағамдардың адам денсаулығына тигізер зиянын түрлі әдістермен көрсетіп, жасаған дүниелерімен тәнті етті.

«Бүгін мерейлі күн – Тәуелсіздік мерекесі аясында бас қосып отырмыз. Ата-ана мен ұстаз арасындағы диалог, бір-бірімен сенімді қалыптастырудың негізі бүгінгі шараның миссиясы. Себебі, ата-аналар мұғалімдердің немесе мұғалімдер ата-ананың жұмысына көңілдері толмай, арада сұрақ туындайды. Мұндай басқосудың аз болуы да соның салдары деп білуге болады. Біз баланы дұрыс бағытта тәрбиелесек, ертеңгі күні сіздерді жақсы жағынан көрсетіп, алғыс айтатын болады. Ұл-қыздарымыз бәсекеге қабілетті, үш тілді еркін меңгерген, елімізді алға қарай жетелейтін саналы ұрпақ болады деп сенемін”, – деген қала әкімінің орынбасары М.Базарқұлов шаһардағы барша білім ошақтарының ең білімді оқушыларына «Үздік бүлдіршін», «Жылдың үздік оқушысы» номинацияларын табыс етті.

Жиында одан әрі «Мәңгілік елдің болашағы – білімді ұрпақ, саналы жастар», «Ата-ана мен мектептің қарым-қатынасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы», «Тәуелсіз ел ұрпағын тәрбиелеуде мектеп пен ата-ананың байланысы», «Жанұя – тәрбие бастауы» атты баяндамалармен өрбіп, отбасы мен мектептің біріге қалтқысыз жұмыс істеуі – үлкен нәтиже көзі екендігін білдірді.
Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы