ЖАСӨСПІРІМ СПОРТШЫЛАР ЖАСЫНДАЙ ЖАРҚЫРАДЫ

1  246 көрілім

№4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде грек-рим күресінен 2006-2007 және 2008-2009 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өткен облыстық ашық біріншілігі мәреге жетті. Тәуелсіздік қарсаңында өрбіген турнир спорт жанашырлары мен демеушілер қолдауымен ұйымдастырылды.


Бозкілемде 200-ге жуық жас балуан 14 салмақ дәрежесінде белдесті. Тартысты бәсеке салмаққа өлшеу рәсімін қосқанда екі күнге жалғасты. Жүлдегерлерге медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Жарыстың өтуіне ұйытқы болған Асхат Орынбасаров облыстық турнир келесі жылы да жалғасып, дәстүрлі түрде өткізілуі жоспарлануда дейді. Ә.Нұрмаханов атындағы Олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiнiң грек-рим күресінен жаттықтырушысы елімізде аталған спорт түрінің даму қарқыны жоғары деңгейде деген пікірде.


Сайыста түркістандық спортшылардың мерейі үстем болды. Тарқатып айтсақ, облыс орталығының намысын қорғаған балуандар бапкерлерінің үмітін ақтады. Қорытындысында – 23 келі салмақта Думан Жақсылық I орын, Шахислам Қайратұлы III орынды иеленді. Содай-ақ, 36 келіде Асқар Нұрдәулет I орынды, Құдірет Ерімбетов 26 және Заңғар Нұрлыбек 29 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп III орынды қанжығасына байлады.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.

                                                                                          
    

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы