ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ҰЛЫҚТАЛДЫ

1  407 көрілім

М. Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай мерекелік кеш ұйымдастырылды. Метепішілік жиында патриоттық әндер шырқалып, Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың авторлығындағы және Елбасы жайында жазылған кітап көрмесі, «Еңселі Егемендік» тақырыбында салынған түрлі суреттер көпшілік назарына ұсынылды.


Мектеп директорының міндетін атқарушы У. Қамбарұлының айтуынша, шара еліміздің Тәуелсіздігі тұғырлы болуы жолында жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуді көздейді. Сондықтан жылдағы дәстүр бойынша ұлық мейрамды білім ұясында ауқымды іс-шара аясында атап өтудің маңыздылығы айрықша.


Жоғары сынып оқушыларының қатысуымен өткен жиында облыстық ақсақалдар алқасының мүшесі Б. Әжеков білімгерлердің алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектестік білдірді. Келесі ретте сөз алған Ә. Әшімбеков өз сөзінде: «Ұлт болашағы сендердің қолдарыңда. Бүгінде азаттықтың арқасында көршілес елдермен тереземіз тең. Барлық уақытта сіз бен біз Отанымыздың мүддесін, халық жағдайын қорғауға тиіспіз» – деген ойын жеткізді.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы