ШАҺАРДАҒЫ №4 БАҒЫТЫНДАҒЫ АВТОБУСТАР ЖАҢАРТЫЛДЫ

410 көрілім

Биылғы жыл шаһар тұрғындары үшін жағымды жаңалықпен басталды. Олай дейтініміз, сәулеті мен әлеуеті күн сайын қарыштап дамып, көркіне көз сүйсінетін Түркістан қаласында қоғамдық көліктер жаңартылып жатыр.

Қалаішілік №4 бағытта қатынайтын автобустар жаңа қоғамдық көліктерге ауыстырылды. Жолаушылар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жаңартылған қоғамдық көліктердің сыйымдылығы жоғары, сондай-ақ салқындатқыш жүйесімен және автоматтандырылған пандуспен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, мұнда жұмыс сапасын жақсарту және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан ҚПБ-мен бірлесе жұмыс атқарып, қалта ұрлығының алдын алу, жүргізушінің жол қауіпсіздік ережелерін сақтауын, жүргізушінің қызметін бақылау үшін әр автобусқа 3 бейнекамерадан орнатылған.

Жалпы сыйымдылығы 60 адамға арналған. Сонымен қатар автобустарда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус және қауіпсіздікті сақтау мақсатында автобус салонын, сыртқы бейнені түсіретін бейнебақылау камераларымен қамтылған.

Жауапты мамандардың мәлімдеуінше, қалаішілік бағыттардың барлығына электронды төлем жүйесі енгізілген. (QR код, карталай төлем, СМС төлем және т.б.)

Аталған бағытта қатынайтын 6 жаңа автобус «М.Мақатаев көшесі – А. Юсупов көшесі, Р.Рахим мешіті» жол жүру сызбасы бойынша жүреді. Қазіргі таңда А.Юсупов көшесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автобустар уақытша Хақназар хан көшесінен өтіп, Р.Рахим мешітіне дейін барады. Алдағы уақытта А.Юсупов көшесіндегі жұмыстар аяқталысымен, жоғарыда аталған негізгі жол жүру сызбасы бойынша қатынайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы