ҚОҒАМ ДЕРТІ ОҚУШЫЛАР КӨЗІМЕН

477 көрілім

Өткен жылдың 20 желтоқсанында «Ақжайық» музыка мектебінде Түркістан облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыс жастарын деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу және ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау мақсатында мектеп оқушыларының арасында шығармашылық байқау өтті.

Аталмыш шараның ережесіне сәйкес, облыстағы барлық білім беру мекемелерінен 9-11 сынып аралығындағы оқушылар қатысты. Комиссия отырысының шешімімен дін саласындағы «Үздік мақала» жеңімпаздары анықталып, байқауға қатысқан жастар белсенділік танытып, нәтижесінде жүзден жүйрік шыққандарға ынталандыру сыйақылары тағайындалды.

Атап айтсақ, бас жүлде – Түркістан қаласы – Жақсылық Толғанай Ержанқызы, I орын Қазығұрт ауданы – Бүркітбай Асылзат, II орын – Қазығұрт ауданы – Сатыпалды Арайлым, II орын – Жетісай ауданы – Нұраждін Жанат, III орын – Түркістан қаласы – Құлжа Кемеңгер, III орын – Сауран ауданы – Джумадуллаева Мафтуна, III орын – Түлкібас ауданы – Ермекбай Диархан және де өзге қатысушыларға ынталандыру Бәйдібек ауданы – Мейірбек Ерсұлтан, Созақ ауданы – Аманғалиева Еркеназ, Арыс қаласы – Сұлтан Балауса Бақтиярқызы, Түркістан қаласы – Жақсылық Толғанай, Еділбай Балауса, Алпысбай Балжанға сертификаттар мен қаржылай сыйақы табыс етілді. Бас жүлдеге 200 мың, І орынға 150 мың, ІІ орынға 100 мың, ІІІ орынға 50 мың және ынталандыруға 30 мың теңгеден қаржылай сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, оқушылар арасындағы бәйгеге қатысу бойынша БАҚ беттерінде хабарландыру жарияланып, өтінім 2023 жылдың 11 желтоқсанына дейін қабылданған болатын.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы